ДИКТОР: Өңірде төтенше жағдайлар мен күштік құрылымдардың ықтимал қауіп-қатерлерге дайындығы үнемі іс жүзінде тексеріліп отырады. Соңғы оқу-жаттығу жиыны Көкшетауда өтті. Оған барлық тиісті қызметтер жұмылдырылды. Ақмола облыстық терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі жедел штабы Көкшетау қаласында «Көктем-Антитеррор-2026» антитеррористік оқу-жаттығуларын өткізді. Жаттығу барысында барлық жедел топтар өзара үйлесімді жұмысын тәжірибе жүзінде пысықтап, әрекеттердің тиімділігін көрсетті. Ұйымдастырушылар барлық бөлімшелердің кәсіби дайындығының жоғары деңгейде екенін атап өтті. Үйлесімді әрі жедел әрекеттердің нәтижесінде шартты құқық бұзушылар ұсталып, залалсыздандырылды. Қатысушылар арасында зардап шеккендер тіркелген жоқ.