ДИКТОР: Жарқайың ауданына қарасты Жанадала ауылында жаңартылған ауылдық клуб ашылды. Бұрын бұл ғимаратта "Айгөлек" балабақшасы болған. Балабақша жаңа ғимаратқа көшкеннен кейін, бұл нысанды сақтап қалып, оны жергілікті тұрғындардың қажетіне беру туралы шешім қабылданды. Ғимаратта жөндеу жұмыстары жүргізіліп, енді мұнда ауыл тұрғындарының демалысы мен шығармашылығына барлық жағдай жасалған.

РКС: Ауылдық клуб жергілікті тұрғындардың бос уақытын өткізетін негізгі орынға айналып отыр. Мұнда хореографияға ерекше көңіл бөлінген. Ғимаратта бес би тобы жұмыс істейді. Олардың қатарында "Эридан" ересектер ұжымы және "Делис", "Ару", "До-ре-ми" балалар ансамбльдері де бар. Жалпы, би үйірмесіне 40-қа жуық бала қатысады. Сонымен қатар, клуб қабырғасында фитнес залы да ашылды. Мұнда 25 пен 50 жас аралығындағы 20-дан астам адам салауатты өмір салтын ұстанады. Бұдан бөлек, балалар вокал сабақтары да қарастырылған.

СНХ: ГРИГОРИЙ БУДКО, АУЫЛДЫҚ КЛУБТЫҢ МӘДЕНИ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫСЫ: Біздің клуб өте белсенді мәдени өмір сүреді. Клубымызда әртүрлі бағыттағы, әр жастағы қатысушыларға арналған сегіз түрлі үйірме жұмыс істеп тұр. Тек балалар ғана емес, сонымен қатар ересектердің де қарасы қалың. Бұрын біз жалға алынған ғимаратта болдық. Ол ауылдық әкімдік ғимаратында орналасқан еді. Жақында жаңа ғимарат берілді. Қазір өзіміздің жаңа ғимаратымыз бар, бұл жұмыс сапасын жақсартуға ықпал етеді.

РКС: Жөндеу жұмыстарын Тасты-Талды ауылының тұрғындары жүргізді. Ал қажетті қаржылай қолдауды жергілікті ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері көрсетті. Нысанды қысқа мерзім ішінде ашуға мүмкіндік болды.

СНХ: САҒДАТ ЖАҚСЫЛЫҚ, ТАСТЫ-ТАЛДЫ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Ауыл тұрғыны ретінде, бұл клубтың жаңартылып, қайта ашылғанына өте қуаныштымы!. Біз де ауыл тұрғыны болып, қолымыздан келгенше жөндеу жұмыстарына атсалыстық. Себебі бұл ғимарат ауыл үшін өте маңызды. Қазір менің екі балам осы клубта үйірмелерге қатысып, олар бос уақыттарын пайдалы өткізіп жүр. Балалардың өнерге қызығып, дамып жатқаны мен үшін үлкен қуаныш.

РКС: Салтанатты ашылу рәсімі Көкетау ауылының құрметті азаматы Көкетай Хамзинмен "Күншығыс" серіктестігінің бухгалтері Алтуша Бейсембаеваға берілді. Сондай-ақ, жиын барысында Жанадала ауылдық округінің әкімі жергілікті кәсіпкерлер мен ауыл тұрғындарына алғысын білдірді.

СНХ: ҚАНАТ САҒЫНБАЕВ, ЖАҢАДАЛА АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ: Клуб жастар, балалар және ересектер үшін тартымды орталыққа айналды. Мұнда олар араласып, бос уақыттарын тиімді өткізе алады. Біздің клуб алдағы уақытта да ауылымыздың мәдени өмірін дамытуда маңызды рөл атқарып, тұрғындар игілігі үшін жұмыс істейді деп сенемін.

РКС: Мекеменің даму кезеңдерінің бірі оның техникалық базасын жаңарту болды. Мәселен, былтыр Жарқайың ауданының әкімдігі ауылдық клубқа жаңа аппаратура сатып алуға сертификат табыстады. Осы қолдаудың арқасында іс-шараларды өткізуге қажетті дыбыс және жарық жабдықтарының сапасы айтарлықтай жақсарды.

ЛАУРА ЕЛУБАЕВА, КАРИНА СҮЛЕЙМАНОВА, ТЕМІРЛАН СӘБИТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ