ДИКТОР: Премьер-Министрдің орынбасары - Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин жұмыс сапарымен Қосшы қаласына барды. Сапар аясында ол өңірдегі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен кездесті. Кездесу барысында агроөнеркәсіптік кешеннің қазіргі жай-күйі мен республиканың Салық кодексіне енгізілетін өзгерістер талқыланды. Сондай-ақ, министр ірі қайта өңдеу кәсіпорындарының жұмысымен танысты.

РКС: Сапар барысында Премьер-министрдің орынбасарына ауыл шаруашылығы саласындағы жаңа жетістіктер таныстырылды. Жергілікті өнімдермен қатар, заманауи цифрлық технологиялар - дәлме-дәл егіншілік жүйелері, жаңа ветеринариялық препараттар мен озық өндірістік жабдықтар көрсетілді.

СНХ: МЕРЕКЕ МОЛДАШЕВ, «LEADER A» КОМПАНИЯСЫНЫҢ ҚҰРЫЛТАЙШЫСЫ: Мал шаруашылығына арналған бұл қоспа бордақылау кезіндегі малдың салмақ қосуын айтарлықтай арттырады. Өнім бордақылау алаңына тиімді. Қазір біз өңірде өндіріс ашу мүмкіндігін қарастырып отырмыз.

РКС: Аймақта мал шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Ақмолалық кәсіпорындар еліміздегі құс етінің шамамен үштен бір бөлігін өндіреді. Өңірде етті қайта өңдеумен айналысатын 23 компания бар. Олар жылына 150 мың тоннаға дейін өнім шығарып, ішкі және халықаралық нарықта жоғары сұранысқа ие.

СНХ: АЙДАР НИГМЕТОВ, КӘСІПОРЫННЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ: Өндірісті кеңейту және жаңа технологияларды енгізу бағытында жұмыс жүргізілуде. Бұл өнім сапасын арттырып, экспорттық әлеуетті күшейтуге мүмкіндік береді.

РКС: Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен өткен кездесуде мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау шаралары да сөз болды. «Ігілік», «Береке» және «Жайлау» бағдарламалары фермерлерге асыл тұқымды мал сатып алуға және жайылым инфрақұрылымын дамытуға жол ашып отыр. Бүгінде мал шаруашылығы - мемлекет назарындағы басым бағыттардың бірі екенін атап өтті Серік Жұманғарин. Елде азық-түлік бағасының өсуіне әсер ететін бірден бір фактор ол – импортқа тәуелділік. Осыған байланысты Президент тапсырмасына сәйкес, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу үлесін 70 пайызға дейін жеткізу міндеті қойылып отыр.

СНХ: СЕРІК ЖҰМАНҒАРИН, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ - ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІ:

РСК: Қазақстан шикізат экспортынан терең қайта өңдеуге біртіндеп көшіп келеді. Бұл үрдіс барлық салада жүзеге асырылуда. Жыл соңына дейін Ақмола облысында ауыл шаруашылығы өнімінің көлемін 1 триллион 300 миллиард теңгеге жеткізу жоспарланып отыр. Кездесуде ұсынылған ұсыныстар бұл салаға байланысты алдағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруда ескерілетін болады.

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, КӨКШЕ АҚПАРАТ