ДИКТОР: Күні кеше Көкшетауда футзалдан Қазақстан Республикасы чемпионатының бірінші лигасының кезекті ойыны өтті. Бұл сәтте «Elim-Ai» командасы Оралдың «Бәйтерек-Жас» командасымен ойнап, жеңіске жетті. Үшінші ойынның нәтижесі туралы тілшіміз Евгений Варанкин баяндайды.

РКС: Ойын көкшетаулықтардың қарқынды шабуылдармен басталып, тартысты әрі қызықты өтті. Бірінші кезеңнің сегізінші минутында оралдықтардың кезекті фолының нәтижесінде «Elim-Ai» командасының ойыншысы Станислав Васильев пенальти жасап, есеп ашты.

ИНТЕРШУМ:

СНХ: ОРАЛХАН САЛЫҚ, «ELIM-AI» КОМАНДАСЫНЫҢ КАПИТАНЫ: Екі ойын өткіздік. Бірінші ойында Қызылорданы жеңдік. Екінші ойын біз үшін сәтті болмады, тартысты кездесуде жеңіліп қалдық. Бүгінгі ойынға дайындығымыз өте жақсы. Жігіттер тыңғылықты дайындалды, қарсыласты тактикалық тұрғыда талдадық. Бүгін Орал қаласының командасымен ойнаймыз. Жас, талантты құрам. Өз тәжірибемізге сүйене отырып, бүгін барлығын тактикалық тұрғыда дұрыс шешіп, жеңіске жетуге тырысамыз. Көшбасшылыққа нық қадаммен келе жатырмыз. Қазір плей-офф кезеңіне, үздік төрт команданың қатарына енуді көздеп отырмыз. Бірінші лигада чемпион атанып, кәсіби футзалға өтуді жоспарлап отырмыз.

РКС: Ойынның 12-ші минутында Дмитрий Двирный қарқынды шабуыл жасап, оралдықтардың қақпасына екінші гол салды. Тура отыз секундтан кейін Әлиби Жәрдемов «Бәйтерек-Жас»-қа үшінші голын соқты. Алайда қарсыластар бір минуттан кейін «Elim-Ai» командасына бірінші голын соққан. Бірінші кезеннің сонғы минутында көкшетаулықтар оралдықтардың қақпасына төртінші гол салды. Сөйтіп бірінші тайм 4:1 есебімен «Elim-Ai» командасының пайдасына аяқталды.

СНХ: АЙБАҚЫТ МЫРЗАТАЙҰЛЫ, «QULAGER» ФУТЗАЛ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Барлығымыз шамамыз келгенше атсалысып, біреуіміз волонтер, біреуіміз жанкүйер жағынан қолдау көрсетіп жатырмыз. Осындай футзал мерекесін алып келген «Elim-Ai» командасына рахмет. Көкшетауда жалпы айта кетсек футзал бар. Бұны дамыту керек әрі қарай. Осы бағытта көп жұмыстар жасалып жатыр деп ойлаймын. Алдағы төртінші ойынға барлық Көкшетау қаласының жанкүйерлерін шақырамын.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Қорытынды есеп – 5:3. Осылайша «Elim-Ai» командасы турнир кестесінде 23 ұпаймен екінші орында жайғасты. Соңғы ойынын көкшетаулықтар Тараздың «Тараз-Омега» командасына қарсы бүгін өткізеді.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ