ДИКТОР: Алматы қаласынан келген медицина мамандары Көкшетауға келіп, сал ауруы диагнозы бар балалардың ата-аналарына хирургиялық емдеу мәселелері бойынша кеңес берді. Аймақта шамамен 500 балада осындай диагноз тіркелген. Науқастардың бұл санаты тұрақты күтім мен оңалтуды қажет етеді. Бірақ, оның әсерінің мерзімі қысқа. Бұл жағдайда емдеудің шұғыл әдісі қажет.
РКС: Балалардың арасындағы сал ауруының белгілері бұлшық ет көбінесе қатты күйде болады. Бұл қозғалыстардың шектелуіне, жүріс-тұрыстың бұзылуына және өзін-өзі күту қиындықтарына әкелері сөзсіз. Егер дәрі-дәрмекпен емдеу, физиотерапия мен оңалту тиісті нәтиже бермесе, хирургиялық жолмен емдеу қарастырылады.
СНХ: АЗАМАТ ЖАЙЫЛҒАНОВ, НЕЙРОХИРУРГ, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ ДӘРІГЕРІ: Операцияның мақсаты – балалардағы спастиканы азайтуға бағытталған. Осылайша оңалту шаралары жақсарады.Соның арқасында олардың киіндіріп-шешіндіру біршама жеңілдейді, бағып-қағуда да аса қиындық туындамайды. Операциядан кейін,спастика бірден төмендейді және содан соң бірден екінші күні оңалту шарасын бастап кетуге болады. Бұл біздің реабилитолог-дәрігерлерге де, балалардың ата-аналарына да зор көмек.
РКС: Мұндай операцияларды жүргізу үшін ауруханада барлық қажетті құрал-жабдық бар. Арнайы құрылғылар, шығын материалдары, интероперациялық нейромониторлар сатып алынған. Дегенмен, мамандардың тапшылығы әлі де өзекті мәселе.
СНХ: НҰРЖАН ЫСҚАҚОВ, ОБЛЫСТЫҚ КӨПСАЛАЛЫ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ ДӘРІГЕР-НЕЙРОХИРУРГІ: Қазір бізде дәрігер-невролог пен нейрофизиолог жоқ. Бұл жағдай барлық өңірдегідей бізде де бар. Дәрігерлер жетіспейді.
РКС: Мамандар ата-аналарға операцияның артықшылықтары мен ықтимал қауіптерін түсіндірді. Үш балаға операция күні тағайындалды. Ол өз кезегінде денесін бақылауға және ауырсынуды азайтуға және өздігінше қозғалу деңгейін біршама арттырмақ.
МӨЛДІР ЕЛЕМЕСОВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ