ДИКТОР: Ақмола облысында мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің арасында «Бестемше» ұлттық ойынынан қалалық іріктеу кезеңі өтті. Зияткерлік сайысқа 20 балабақшаның бүлдіршіндері қатысып, өзара бақ сынасты. Нәтижесінде үздіктер анықталып, жеңімпаздар сәуірдің 10-да Астанада өтетін Солтүстік өңірлік жарысқа жолдама алды.

РКС: Ұлттық ойын дәстүрлі емес, шет елдік жүйе бойынша өтті. Яғни әр қатысушы 6 тур бойы өзара сынға түсіп, әр ойынға сәйкес ұпай жинайды. 6 турдың қорытындысы бойынша жеңімпаз анықталады.

СНХ: БЕЙНЕГҮЛ ҚИБАТОВА, ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ ФЕДЕРАЦИЯСЫ БЕСТЕМШЕ ОЙЫНЫ БОЙЫНША АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӨКІЛІ: Швейцариялық жүйемен ойнады. Ойын барысында балалар өздерінің қызығушылықтарын танытып, жетік біледі деп айта аламын. Осы біздің қалада мектепке дейінгі мекемелер арасында үйірме ретінде өтіп жатыр. Балалар жыл сайын жақсы ойнап келе жатыр.

СНХ: АЙЗЕРЕ БОЛАТ, «НҰРСАЯ» БАЛАБАҚШАСЫНЫҢ ТӘРБИЕЛЕНУШІСІ: Менің атым Айзере мен бестемше ойнауға келдім. 2 тур жеңдім Жеңген бала Астанаға барады.

РКС: Зияткерлік ойын баланың ойлау қабілетін, есте сақтау және логикалық ойлау дағдыларын дамытып, шыдамдылығы мен зейінін шыңдайды. Бұл ойын бала бойында жылдам шешім қабылдау және өз ойын дәл жеткізу қабілеттерін де қалыптастырады.

ИНТЕРШУУМ:

СНХ: ЗАРЛЫҚ ОРАЗОВ, «СӘУЛЕ» БАЛАБАҚШАСЫНЫҢ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ НҰСҚАУШЫСЫ: Әр отауда бес бестен асықтан болады. Өйткені балабақшадағы, мектеп алды даярлық балалары онға дейін тек қана санайды. Математика негізіне жақсы. Бәріміз білеміз ұсақ қол маторикасын, бала құмалақты ұстаған кезінде дамиды.

РКС: «Бестемше» ұлттық ойынынан республикалық деңгейде ақмолалық бүлдіршіндер соңғы 3 жыл қатарынан жеңімпаз атанып келеді. Қалалық іріктеудің жеңімпаздары да анықталды. 1-ші орынды «Алтын бала» балабақшасының өкілі Айзере Амангелді, 2-ші орынды«Zerek» бақшасының тәрбиеленушілері Әли Сұрынбай мен Медина Әмірхан еншілесе, Құдырет Болатұлы, Айзере Болат пен Айтуар Шүлімбековтер үшінші орынды иеленді. Олар «Нұрсая», «Айша» және «Арай» балабақшаларының атынан сайысқа қатысқандар. Енді олар Елорда төрінде Ақмола өңірінің намысын қорғамақ.

ИНТЕРШУМ:

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ