ДИКТОР: Қорғалжын ауданында еріген қар суының салдарынан Шөптікөл бөгеті бұзылды. Осылайша су алқаптар арқылы елді мекенге жайылып, республикалық маңызы бар "Астана - Қорғалжын" тас жолының 75-ші шақырымдағы тұсын кесіп өтті. Дегенмен, су жолдың жүру бөлігіне өткен жоқ. Оқиға орнында аймақ басшысы Марат Ахметжанов пен Төтенше жағдайлар Министрлігінің комитет төрағасы Серік Жүнісбеков болды.

РКС: Бірден Ақмола облысы әкімінің орынбасары Мұрат Балпанның жетекшілігімен жедел штаб құрылып, Сабынды ауылын су басу қаупі толықтай жойылды. Апаттың алдын алу жұмыстарына инертті материалдарды дайындау және оларды жеткізу жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп жатыр.

СНХ: МҰРАТ БАЛПАН, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Қазір жергілікті атқарушы органдар, төтенше жағдайлар қызметі және тұрғындар бөгетті қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сабынды ауылын су басу қауіпі жоқ. Жағдай қатаң бақылауда. Жалпы, бөгетті қалпына келтіру жұмыстарына 56 техника және жергілікті халық пен төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамынан 231 адам жұмылдырылды.

СНХ: АЛМАС АЛИН, ҚОРҒАЛЖЫН АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: Қазіргі уақытта үйлерді су басатын қауіп жоқ. барлық жұмыстар штаттық режимде жүріп жатыр. Жолдар бұзылған жоқ. Барлық қалыптық режимде. Бұл жұмысқа Қорғалжын ауданының Сабынды ауылының еріктілері жұмылдырылды. Суды қазіргі таңда басқа жаққа бұру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

РКС: Жол жамылғысы бүлінбеген, көлік қозғалысы штаттық режимде жүзеге асырылып жатыр. Қазір үш көзді су өткізу құбыры судың толық көлемде кедергісіз өтуін қамтамыз етуде. Төтенше жағдай саласының қызметкерлері жағдайды дрондар арқылы бақылап отыр.

ЛАУРА ЕЛУБАЕВА, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ