ДИКТОР: Қазақтың қолөнері ұлттық мәдениетіміздің асыл қазынасы, халық руханиятының айнасы. Бұл өнер ұлтымыздың ұлылығын ұлықтап, тамыры терең тарихтан тағылымды сыр шертеді. Сан ғасырлар бойы сұрыпталып, ұрпақтан ұрпаққа аманат болып жеткен шеберлік дәстүрі қазақы болмысымыздың бейнесін айқындай түседі. Он саусағынан өнер тамған Көкшелік аналардың шеберлерліктеріне тәнті болған жандар көп. Зергерлі әшекей мен сырмақтан, кестелі қамзол мен өрнекті кілемнен халқымыздың дүниетанымы, халықтың өмірге деген көзқарасы көрініс табады.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Қолөнер халқымыздың тарихында таңбаланып қалған шежіре. Онда елдің тұрмыс-тіршілігі, салт-дәстүрі, арман-аңсары мен рухани әлемі жаңғырып тұр. Сондықтан да бұл өміршең өнердің ұмытылып, ұлттық құндылықтарымыздың көмескі тартуы мүмкін емес. Қайта уақытпен үндесіп, жас ұрпақтың санасына рухани нәр беріп, ұлттық мәдениетіміздің мәңгілік тұғырына айнала бермекке сенім мол. Кенжебай Смағұлқызының бала күннен анасынан үйренген шеберлікті бүгінде қалың жұртқа насихаттап жүрген анамыз. Дәстүрдің дәмін кетірмей, қазақтың құндылығын көз қарашығындай сақтап жүрген ақжаулықты шебердің жасы 85-те.

СНХ:КЕНЖЕБАЙ СМАҒҰЛҚЫЗЫ, ҚОЛӨНЕР ШЕБЕРІ: Қолымдағы мынай біз кестемен жасалған қолмен жасалған тақия. Бұл ер адамдарға. Халықтың барлығы біледі міне мына ою «Бұрмаша» деп аталады. Өсімдік өрге қарай өрлеп тұрған мағынаны білдіреді. Тақия салынғын. Ал мына жүрекше ою. Тақияға осындай оюлар салып отырмыз. Және мынау балаларға, үлкендерге арналған аяқ киім «Басбайпақ» деп атайды қазақ. Нағыз қойдың жүнінен жасалады. Бұл қазақтың дәстүрлі ұлттық дүниеміз.

РКС: Еңбекті өмірінің өзегіне айналдырған қолөнершілердің бірі Ұлжалғас Қарымсақова. «Шеберлер» одағының белсенді мүшесі. Былтыр «Кимешек» байқауында бас жүлдені жеңіп алған ақжаулықты ана. Шынайы ұлттық құндылықтарды дәріптеудің үнсіз жанашыры. Өйткені, олар жасаған әрбір әшекей мен әрбір киім, көзге көрінетін әсемдік қана емес, мәдениеттің мәйегі.

СНХ:ҰЛЖАЛҒАС ҚАРЫМСАҚОВА, ҚОЛӨНЕР ШЕБЕРІ: Қазақтың мынау жан-жануарын, үйдің төрт түлік малын тігемін. Неше түрлі ойыншықтар тігемін. Қазақтың салт-дәстүрінде бар ғой асық. Балаларға мына асық ойнауға ыңғайлы. Еш жеріне зақым келмейді. Өзіміздің ұлттық торсығымыз. Ішіне су құйып, алып жүруге ыңғайлы

РКС: Қазақ халқы үшін қойдың жүні жай ғана тұрмыстық шикізат қана емес, тіршіліктің тамырымен біте қайнасқан қазына. Кең даланы еркін жайлаған төрт түліктің жүнінен иірілген жіп, басылған киіз, тоқылған алаша бәрі де халықтың қолының жылуымен мен жүрегінің лүпілін сақтап қалғандай. Бүгінде бұл өнімнен заманауй қолөнершілер, заманға сай танымдық дүниелер жасауда.

СНХ:РАУШАН БАБЫЛОВА, ҚОЛӨНЕР ШЕБЕРІ: Көбіне жүнен осындай түрлі техникада картиналар жасағанды ұнатамын. Ең бірінші мына жүндер қабатталып алынады, шерстенной акварель деп аталады. Бір-бірінің үстіне қабатталып қойылып осындай картина шығады. Кейін әйнекпен басып, рамкаға салып қоямыз. Сосын жүннен тағы құрғақ техникада инемен осындай панолар жасаймын. Балалар мен оқушылармен осылай ши тоқимыз. Көбінесе осындай түрлі түстегі жүнмен айналысамын. Құрғақ және ылғалды тәсілмен.

РКС: «Шеберлер» одағында 20-дан астам қолөнерші бар. Олар қиялға ерік беріп, қазақтың түп тамыры мен тарихының ізін суытпай, салт-дәстүрдің сары майын сақтап жүрген жандар. Көненің көзін дәстүрге айналдырған нәзік жандылардың арқасында, бүгінде жас буын өкілдері қолөнердің қайнар көзіне айналып отыр.

СНХ:ГҮЛБАРА НҰРҚАНОВА, ДОСТЫҚ ҮЙІНІҢ ЖАНЫНАН АШЫЛҒАН «ШЕБЕРЛЕР» ОДАҒЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ: Біздің шебер ханымдарымыз аптасына 1 рет, бос уақытымыз болғанда аптасына бірнеше рет те болып қалады осында бәріміз жиналып бір-бірімізге шеберлік сағаттарын өткіземіз. Тек қана бір-бірімізге ғана емес, оқушыларды, студенттерді шақырамыз. Көпбалалы аналар қазір қызығушылық білдіріп жатыр. Біздге де үйретсеңіздер көрсек деп. алдағы жоспарда ол бар.

РКС: Кез-келген халықтың мәдениетінде ұлттық қолөнер рухани мұра ретінде қабылданып, ұрпақтан ұрпаққа берілетін тәрбие қөзіне, тарихпен астасып жатқан өнер саласына баланады. Қазақ халқының қолөнерінің тарихы тереңнен нәр алып, ерте заманнан бергі, ауқымды да астарлы, қызықты да көпқырлы көшпенді халықтардың тыныс-тіршілігін бейнелейтін қолөнер түркі халықтарының мәдениетінен, тарихынан сыр шертеді.

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ