ДИКТОР: Қара жорға буын биіне қатысты дау-дамай әлі де толастамай тұр. Бір деректерде бұл би қалмақтарға тән десе, енді бірінде оны моңғол немесе қытай биі ретінде сипаттайды. Тіпті «қазақта би болмаған» деген күмәнді пікірлер де тарап жүр. Ұлттың рухани жадында сақталған асыл қазынаның өзге елдің еншісіне телінуіне не себеп? Әріптесім Сәния Есімсейітова баяндайды.
ИНТЕРШУМ: Қазақта би болмаған деген қисынсыз пікірден арыла алмай келе жатырмыз. Қазақта би болған. Би болмаса би деген сөз қайдан шықты. Би болмаса біздің мәдени мұрамыздағы би күйлері деген күй қайдан шықты.
РКС: Өнер зерттеушілері Қара жорға биінің тарихы XII ғасырдан бастау алатынын айтады. Әуелде күй ретінде танылған бұл туынды уақыт өте ұлттық биге айналып, кейін ән болып жаңғырды.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Мұхтар Әуезовтің Айман-Шолпан операсында да «Қара жорға» айшықты көрініс табады. Қойылымда Өзбекстанның «Горли-Арни» ансамблінің бишісі қазақ халқының салт-дәстүрімен танысып, күй ырғағына сай қазақ биін әзірлейді де, «Қара жорғаны» тұңғыш рет сахнаға шығарады. Бұл дерек бидің терең тарихын айғақтайды.
СНХ: МАНАРБЕК ҚЫДЫРБАЙ, Ш.ҚҰСАЙЫНОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚ МУЗЫКАЛЫҚ-ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ: «Қара жорға» биі бұл қазақтың көне ұлтық билерінің бірі. Мұны ешқандай бір қазақтікі ме, емес пе деп дәлелдеудің қажеті жоқ. Қазақ өзі ежелден өзінің бір көшпелі өмір сүріп, даламен егіз, аттың үстінде өмір сүрген қазақпыз. Бұл біріншіден біздің мәдениетіміз болса, екіншіден бұл өте денсаулыққа пайдалы. Буын биі болып саналады. Біз енді аттың жалында, түйенің қомында өскен қазақ болғандықтан, бұл би қазақтың бүкіл тұла бойына, тамырына сіңіп кеткен қазақпен егіз ұғым деп ойлаймын. Қара жорға мен қазақ егіз. Сондықтан қара жорға қазақтікі ме жоқ па деп сұрақ қоюдың өзі ыңғайсыз деп ойлаймын. Қара жорға бұл қазақтың биі.
РКС: «Қара жорға» биі қазақтың «62 қоңыр» күйлері секілді адам бойындағы 62 тамырды иітетін нәзік қимылдарға негізделген. Бишілердің айтуынша, Қалмақ биінде белден жоғары буындар басым қозғалып, қол қимылы сыртқа серпіле орындалса, Қара жорғада қол «қошқар мүйіз» өрнегіндей ішке қайырылады да, әр буын жеке-жеке қозғалысқа түседі. Көшпенді халықтардың би өнері де тарихы сияқты бір жүйеге түссе дау-дамай өз-өзінен тиылатын еді.
СНХ: ТОЙҒАН ІЗІМ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ӘРТІСІ: Жалпы ол қазақ биі ғой. Оны қазақ биі, буын биі деп те айтты. 1987 жылы Өзбекәлі Жәнібеков нағыз қазақ өнерінің жанашыры сол кісінің тікелей араласуымен екі жігітке билетіп,оларды алып келіп домдыраны ойнатып, біріншісі ойнап,екіншісі билеп, екеуі ауысып билегенін мұрағатқа түсіріп Өзбекәлі ағамыз салып қойды. Ол бар бізде. Ол халықтың арасында болған би.
РКС: Кей деректерде «Қара жорға» биі Шыңжаңның Алтай аймағын мекендеген Керей руына тән би ретінде айтылады. «Қара жорға» биін Қазақстанға қайта жаңғыртып әкелген адам – Арыстан қажы Шәдетұлы. Ол бұл бидің халық арасында үш түрлі атауы бар екенін атап өтеді. Атап айтқанда, ол «Қара жорға», «Бақсы биі» және «Буын биі» деп аталады. Қай атаумен айтылса да, бұл - ежелден келе жатқан қазақтың төл биі. Шекара сызығы тартылған тарихи кезеңдерден кейін Қара жорға негізінен шеттегі қазақ қауымының арқасында сақталып, бүгінге жетті. Бұл бидің әр қимылында халқымыздың қатпарлы тарихы мен тағдыры, көшпенді өмір салты мен рухани болмысы терең бедерленген.
СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ