ДИКТОР: Аршалы ауданына қарасты Бірсуат ауылында жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды. Заманауи спорт нысаны жергілікті «ТНС-Агро» серіктестігінің демеушілік қаражаты есебінен бой көтерді. Нысанның ашылу салтанатына облыс әкімі Марат Ахметжанов қатысып, ауыл тұрғындарын қуанышты жаңалықпен құттықтады.

ИНТЕРШУМ: РКС: Бірсуат ауылының тұрғындары үшін бұл оқиға көптен күткен, ерекше қуанышты сәт еді. Енді ауыл халқы жыл бойы спортпен шұғылдана алады. Әмбебап спорт залы шағын футбол, волейбол, дзюдо және баскетбол сияқты түрлі спорт түрлері бойынша жаттығулар мен жарыстар өткізуге лайықталған. Ирина Тушинская жарты ғасырдан астам осы ауылда тұрады. Ол осы жерде балаларын өсіріп, бүгінде немерелерінің тәрбиесімен айналысуда. Ауыл мектебінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі.

СНХ: ИРИНА ТУШИНСКАЯ, БІРСУАТ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Біз үшін бүгінгі күн естен кетпес оқиға. Өте қуаныштымыз. Әсіресе дене шынықтыру пәнінің мұғалімі ретінде бұл жаңалық мен үшін тіптен ерек. Өйткені ауылымызда осындай заманауи спорт кешенінің ашылып жатыр. Мұндай деңгейде іс-шара бізде бұрын-соңды өткен жоқ. Ең алдымен бұл ауылдың дамуына тың серпін береді деп сенеміз. Жол да салынды, мектеп те бар, медициналық орталық та жұмыс істеп тұр.

РКС: Ауылда 700-ден астам тұрғын бар, олардың 180-ге жуығы жастар. Олар спортпен белсенді түрде шұғылданып, түрлі жарыстар мен чемпионаттарда аудан атын лайықты қорғап жүр.

СНХ: АРАЙ ЖӘКЕНОВА, ҚР СПОРТ ШЕБЕРЛІГІНЕ КАНДИДАТ: Жалпы бүгінгі осы іс-шарада жалпы өте қуаныштымын. Ауылда осындай үлкен қуаныш болып жатқанына, осындай шара ашылып жатқанына, осындай дәрежеде болатын өзім күткен жоқпын. Жалпы өте қуаныштымын. Жалпы біздің жалпы ауылдан көптеген бізде спортшыларымыз бар. Өзімнің ағам бар, Жакенов Тамерлан. Жалпы ол әлем чемпионы, Азия. Азиядан да, және Қазақстаннан да чемпион. Және Мәскеу, Баку, Өзбекстан жалпы басқа мемлекеттерге шығып, жалпы өзім көрсеткен болатын.

РКС: Аймақ басшысы Марат Ахметжанов ауылды жерлерде спорт инфрақұрылымын дамыту - мемлекеттік саясаттың басты басымдығының бірі екенін атап өтті. Әсіресе балалар мен жастардың спортпен шұғылдануына жағдай жасау мәселесіне ерекше назар аударылып отыр.

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Жалпы бүгін енді қазіргі таңда өздеріңіз білгендей, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі әрқашан да қолдауға. Ауылға жол салынып, газ келіп, су бар. Осы президент қойып отырған Қасым-Жомарт Кемелұлының бағдарламасы ауыл мен қаланың ара қашықтығын азайту, осындай ауылда да жақсы тұрғындарға жағдай жасау, міне, сол үлкен жоспардың айқын көрінісі.

РКС: Аумағы 300 шаршы метрден асатын ангар үлгісіндегі жаңа кешен бір мезетте жүзге жуық адамды қабылдай алады. Бұл жерде шеберлігін шыңдауға жаңадан кіріскендер де, кәсіби спортшылар да жаттыға алады. Өңір басшысы Марат Ахметжанов дене шынықтыру-сауықтыру кешені жанынан футбол, волейбол және баскетбол ойнауға, сондай-ақ воркаутпен шұғылдануға арналған көпфункционалды қосымша ашық алаң салуды тапсырды.

ИНДИРА СҰЛТАНОВА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, АЛМАС САДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.