ДИКТОР: Көкшетауда алғаш рет әйелдер командалары арасында халықаралық жағажай волейболынан турнир өтті. Беделді додаға 12 команда қатысты. Спортшылар жеңіс үшін тартысты бәсеке көрсетті. Тілшіміз Сәния Есімсейітова баяндайды.
РКС: Жарыс Көкшетаудағы «Жаңа жағалау-2» жағажай алаңында өтті. Халықаралық турнирге Ақмола облысынан, Астана мен Алматы қалаларынан және Ресейден командалар қатысты. 12 команда жеңіс жолында бақ сынады. Ақмола облысының намысын Көкшетау қаласы мен Қорғалжын аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің спортшылары қорғады.
ИНТЕРШУМ:
СНХ: АРДАҚ ТӨЛЕНДИН, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Жартылай финалға Алматы мен Астана командалары шықты. Екінші жартылай финалда екі Алматы командасы шықты. Бұл жарыс бірінші рет өтіп жатыр. Көкшетау қаласында бүгін өздеріңіз білесіздер, жағажай ашылды. Шынында осындай керемет алаң ашылды. Осы жерде алаңда екі площадка бар. Біреу жаңа жағажай волейболы, біреуі жағажай футболы. Жағажай футболдан осы маусым айының аяғына дейін бір республикалық жарыс өткізілетін болады.
РКС: Жарыстың жүлде қоры 2,5 миллион теңге. Турнир қорытындысы бойынша жүлделі тұғыр толықтай Алматы қаласындағы «Алатау» волейбол клубының еншісіне бұйырды. Үшінші орын алған «Алатау-3» құрамасы 300 мың теңгелік сертификатқа ие болды. Екінші орынға тұрақтаған «Алатау-2» командасына 500 мың теңгелік сертификат табысталды. Ал чемпион атанған «Алатау-1» құрамасы 700 мың теңге көлеміндегі сертификат пен арнайы кубокқа ие болды.
ИНТЕРШУМ:
СНХ: МЕРЕЙ ҚОЖАХМЕТ, «АЛАТАУ-1» ҚҰРАМАСЫНЫҢ ОЙЫНШЫСЫ: Біздің ойынымыз бүгін өте жақсы жүрді. Ойындар тартысты өтті. Өте қызық. Мына жақтағы площадкалардың бәрі ұнады. Условиясы да жақсы. Біз финалға шығатын кезде Астана командасымен ойнадық. Оларды 2:0 есебімен жеңдік. Финалда өзіміздің қыздармен ойнадық. «Алатау 2» командасымен. Оларды 2:1 есебімен жеңдік.
РКС: Сондай-ақ жарыс барысында жоғары шеберлік танытып, үздік ойын өрнегін көрсеткен спортшыларға 250 мың теңге көлемінде ақшалай сыйақы табысталды. Халықаралық жағажай волейболы турнирін дәстүрлі түрде жыл сайын өткізу жоспарда бар,-дейді өңірлік спорт қауымдастығы.
СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ