ДИКТОР: Шаһарда балалар арасында шағын футболдан «Balafoot» республикалық турнир өтті. Дода маусымның 2-сі мен 4-і аралығында ұйымдастырылып, балаларды қорғау мен рәміздер күндеріне орайластырылды. Тілшіміз Евгений Варанкин жалғастырады.

РКС: Турнирге Петропавл, Щучинск, Астана, Көкшетау қалаларының, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан және Ақмола облысының командалары қатысты. 2016-2019 жылы туған балғын спортшылар әдемі әрі қызықты ойын көрсете алды.

ИНТЕРШУМ:

СНХ: АЙБАҚЫТ МЫРЗАТАЙ, АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ШАҒЫН ФУТБОЛ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Ата-аналарға айтарым, командалардың бапкерлеріне, басшыларына айтарым, мұндай турнирлерге қатысыңыздар. Тек қана нәтиже үшін емес, бұл турнирлерге балалар тәжірибе алу үшін, өздерін көрсету үшін қатысыңыздар. Себебі көп жағдайда бапкерлер, ата-аналар тек ғана нәтижеге тіркеледі, балалардан нәтижені талап етіп, психология жағынан кедергі болады. Бұл турнирдің мақсаты тек жеңу емес, балаларды біріктіру, олардың ой-санасын қалыптастыру футбол деңгейіндегі. Осындай мақсатта біздің футзал ассоциациясы, мини футбол және жағажай футболы осындай жарыстар ұйымдастыруда.

РКС: Турнир барысында жас футболшылар жеңіске деген жігерімен ғана емес, алаңдағы тәртібі мен спорттық мәдениетімен де ерекшеленді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай жарыстар балалардың шеберлігін шыңдап қана қоймай, жаңа достар тауып, тәжірибе алмасуына мүмкіндік береді. Үш күнге созылған додада әр команда бірнеше ойын өткізіп, өз мүмкіндіктерін көрсетті. Ал бапкерлер үшін бұл тәрбиеленушілерінің дайындығын бағалап, алдағы жарыстарға жоспар құруға жақсы мүмкіндік болды.

БЛИЦ:

 - Я из «Кайрата», сегодня хорошие матчи были.

 - Мой клуб «Elim-Ai» junior. Сегодня мы проиграли Қызылжарға. Сегодня мы выиграли еще Барселону.

 - Мы сегодня играли с командой Елім-ай, которую выиграли. Мне 9 лет. Занимаюсь 3 года. Я мечтаю стать самым успешным футболистом.

STAND-UP: ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ТІЛШІ: Чемпионат барысындағы ең қызықты ойындарының бірі «Оқжетпес» және «Қайрат В» командаларының арасында болды. Жалпы бұл ойын барысында «Оқжетпес» командасының ойыншылары қарсыластың қақпасына 15 гол соқты.

СНХ: АЛЕНА ДЕМБИЦКАЯ, «ОҚЖЕТПЕС» КОМАНДАСЫНЫҢ БАПКЕРІ: Әйел жаттықтырушыны көп жағдайда лайықты бағалай бермейді. Бірақ бұл мені керісінше жігерлендіре түседі. Көбіне ер бапкерлерге қарсы ойнаймыз, сондықтан олардан басым түсуге деген ынтам артады, әр ойыннан ерекше ләззат аламын. Бұл жолы өз мүмкіндігіміздің шамамен 50 пайызын ғана көрсеттік. Көбінесе өзімізден бір жас үлкен қарсыластармен ойнаймыз. Онда мүлдем басқа деңгейде өнер көрсетеді. Жылдамдығы жоғары, техникалық шеберлігі мықты, ойын сапасы да жақсы. Ал өз қатарластарымен кездескенде, жиі қателесіп, ойындары шашырап кетеді. Турнир өте жақсы ұйымдастырылған. Әсіресе оның кішкентай балаларға арналғаны қуантады.

РКС: Турнир қорытындысы бойынша 2016–2017 жылы туған ойыншылар арасында Көкшетаудың «Қайрат» командасы қола жүлдегер атанса, елордалық «Адал» күміс медаль иеленді. Ал чемпиондық атақ Петропавл қаласының «Қызылжар» командасына бұйырды. 2018–2019 жылы туған жас футболшылар бәсекесінде «Адал» командасы үшінші орынды қанағат тұтты. Екінші орынға Көкшетаудың «Қайрат» командасы ие болса, бас жүлдені «Көкшетау» командасы жеңіп алды. Жекелей номинациялар бойынша үздік ойыншы атағы Жағазы Салихқа берілді. Бақдәулет Кәкенов үздік қорғаушы атанса, Арлан Мыңбаев үздік шабуылшы деп танылды. Ал Әмірәлі Сейітхан үздік қақпашы номинациясын жеңіп алды. Турнирдің үздік бапкері атағына Алена Дембицкая лайық деп танылды.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, САНЖАР НҰРСЕЙІТОВ, ТЕМІРЛАН СӘБИТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ