ДИКТОР: Шаһарда маусымның 3-і мен 4-і аралығында жеңіл атлетикадан облыстық жазғы ашық чемпионат өтті. Спорттық жарыстарға 100-ден астам жас спортшы қатысты. Турнирдің салтанатты ашылуына тілшіміз Евгений Варанкин барып қайтты.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Мұндай жеңіл атлетикадан жазғы чемпионаттары өңірде соңғы жиырма жылдан астам уақыт бойы өткізілмеген. Бұған лайықты стадионның болмауы себеп болған. Биылғы додаға Бурабай, Атбасар, Целиноград, Астрахан аудандарынан және көршілес Солтүстік Қазақстан облысынан келген спортшылар қатысуда.
СНХ: ЕВГЕНИЙ МЕЛЕШЕНКО, ОБЛЫСТЫҚ ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКА ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Бүгін 100 метр қашықтыққа және 400 метрге жүгіру, ядро итеру сайыстары өтеді. Ертең ұзындыққа жүгіріп келіп секіру, сондай-ақ 200 және 800 метр қашықтықтарға жүгіру жарыстары ұйымдастырылады. Чемпионатқа үш жас санаты бойынша спортшылар қатысуда: 2009-2010 жылы туған ұлдар мен қыздар, 2011-2012 жылы туғандар және 2013 жылы туған әрі одан кіші спортшылар.
РКС: Чемпионат жас спортшылар үшін өз шеберліктерін көрсетуге және тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді. Жарыс барысында қатысушылар жүгірудің түрлі қашықтықтары мен техникалық спорт түрлері бойынша бақ сынасты. Ұйымдастырушылар мұндай турнирлер жасөспірімдердің спортқа қызығушылығын арттырып, дарынды атлеттерді анықтауға ықпал ететінін айтады.
СНХ: АЛЕКСАНДР ЖИГАРЬ, ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН СПОРТ ШЕБЕРІНЕ ҮМІТКЕР: Жеңіл атлетикада спорт түрлері өте көп. Мен 800 метрге жүгірумен айналысамын. Жеке рекордым – 1 минут 50 секунд. Жеңіл атлетиканың ерекшелігі – әр адам өзіне лайық спорт түрін таба алады. Сондықтан жеңіл атлетиканы кеңінен насихаттау қажет деп есептеймін.
СНХ: ВАДИМ КАРНАУХОВ, ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН ҚР ЧЕМПИОНЫ: Ата-аналарды балаларын спортқа жетелеуге шақырамын. Есігіміз әрдайым ашық, жаттығулар тегін өткізіледі. Жеңіл атлетиканың бағыты көп, жаттықтырушылар әр баланың қабілетіне қарай қажетті спорт түрін таңдауға көмектеседі. Қала чемпионаттары тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Үздік атлеттер іріктеліп, кейін осындай облыстық чемпионаттарға қатысады.
РКС: Чемпионат жеңіл атлетиканы дамытуға серпін беріп, өңірдің зор үміт күттіретін спортшыларын анықтауға жол ашады. Жарыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар марапатталып, алдағы республикалық додаларға жолдама алды.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, САНЖАР НҰРСЕЙІТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ