ДИКТОР: Көкшетауда 500-ден астам кәсіпкер, мемлекеттік мекеме басшылары, белсенді, көшбасшы әйелдердің басын қосқан үшінші конгресс өтті. «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы Президиумы жанындағы әйелдер кеңесі мен «AMANAT» партиясы Ақмола облыстық филиалы әйелдер қанатының бірлесіп ұйымдастырған шарасында нәзік жан иелері өздерінің жетістіктерімен бөлісіп, жобаларын ортаға салып, тәжірибе алмасты.
РКС: Ақмола облысында басшылық қызметтің 27 пайызын әйелдер атқарады. 42 әйел ауылдық округтің әкімі. Өңірдегі 55 мыңнан астам шағын және орта бизнес субьектісінің жартысының тізгінін әйелдер ұстап отыр. Олар сауда, қызмет көрсету, ауыл шаруашылығы, өндіріс, білім және әлеуметтік салада маманданған деді өз сөзінде облыс әкімінің орынбасары Ернар Жәркешев.
СНХ ЕРНАР ЖӘРКЕШЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Бүгінгі таңда әйелдер экономика мен мемлекеттік басқарудың барлық салаларында біздің облыста сәтті еңбек етіп келеді. Басшылық лауазымдарды атқарып, қоғамдық бастамалар мен әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруда.
РКС: Конгресс жұмысына қатысқан Мәжіліс депутаты Юлия Кучинская өз сөзінде қоғамда әйелдерге ерлермен қатар түрлі саланың тізгінін ұстауға тең мүмкіндіктер беріліп отырғанын айта келе, аналарға бала күтіміне қатысты жасалып жатқан жағдайлардың жыл сайын жақсарып келе жатқанына тоқталды. Ұлт саулығы да басты назарда.
СНХ РАУШАН ТҰРАНОВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ЖАНЫНДАҒЫ ИНКЛЮЗИВТІ ҚОҒАМНЫҢ ДАМУЫНА ЖӘРДЕМДЕСУ КУРАТОРЫ: Бұл конгресс әйелдерге жаңа мүмкіндіктер ашып отыр. Сонымен қатар олар өзара аудандар бәрі қарым қатынастарын нығайтып, келешекте одан әрі әйел көшбасшылығын алға қарай серпін беріп, итермелейді деген сенімдемін.
СНХ ГҮЛЖАХАН ҚҰСАЙЫНОВА, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР (АСТРАХАН АУДАНЫ): Каратэ вкф және паракаратэден жаттықтырушы боламын. Инклюзия жағынан дамытуға әрекет жасаймыз. Менде балалар да бар, жасы үлкен кісілер де бар. Одан басқа бізде долголетие деген клуб бар.Пенсионер әйелдеріміз бар. Олармен лфк жаттығуларын жасаймыз. Кішкентай балаларға массаж жасап, үлкен адамдарға қызмет көрсетіп, өзіміздің клубқа аламыз
РКС: Бұл осымен іскер әйелдер бас қосқан үшінші конгресс. Оның барысында бизнесте өзінің орнын алғандар жеке тәжірибесін ортаға салып, даму бағытында кездескен түйткілді мәселелерді шешу жолдарымен бөлісті. Жеке кәсібін енді ашқандар немесе жоспарлап жүргендер де өзіне қажетті ақпарат алып тарқасты.
ГӘККУ АСЫЛБЕКҚЫЗЫ, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ