ДИКТОР: Ақмола облысында құрылыс нысандарына мониторинг жүргізетін жұмыс тобы құрылды. Енді мамандар еңбекті қорғау және қауіпсіздік талаптарын сақтауды қадлағалайды. Оның құрамына еңбек инспекциясы, кәсіподақтар, кәсіпкерлер қауымдастығы мен бейінді мемлекеттік органдардың өкілдері енді. Басты мақсат - өндірістік жарақаттардың алып, құрылыс ұйымдарына әдістемелік көмек көрсетумен айналсады.
РКС: Ақмола облысында құрылыс саласы қарқынды. Көкшетауа тұрғын үй кешендерімен қатар әлеуметтік және спорттық нысандар да бой көтеруде. Құрылыс көлемі артқан сайын жұмысшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге деген жауапкершілік жүгінінің де ауырлай түсері сөзсіз. Осыған орай аймақтағы құрылыс алаңдарында жазатайым оқиғалардың алдын алуға арналған арнайы жұмыс тобы құрылды. Мамандар құрылыс алаңдарын аралап, еңбекті қорғау нормаларының сақталуына қатысты ұсынымдар береді.
СНХ: УАҚЫТ БЕЙСЕМБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ЕҢБЕК ИНСПЕКЦИЯСЫ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Кәсіпкерлер қауымдастығымен және кәсіподақтармен бірлесіп, аталған құрылыс нысандарына тұрақты түрде бармақшымыз. Ондағы мақсатымыз еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарын сақтауға қатысты әдістемелік көмек көрсетіп, тиісті ұсынымдар беру. Мемлекеттік еңбек инспекциясының өкілдері ретінде біз дәлелді негізсіз және тіркеусіз кез келген нысанды тексеруге кіре алмаймыз. Біз тек заң бұзушылықтар анықталған жағдайда ғана ресми тексеру жүргіземіз. Бұл өте маңызды мәселе.
РКС: Жұмыс тобына облыстық кәсіпкерлер қауымдастығының төрағасы жетекшілік етеді. Мұндай формат құрылыс алаңдарындағы ықтимал қауіп-қатерлерді жедел анықтап, оларды дер кезінде жоюға мүмкіндік береді,- дейді мамандар. Ерекше назар биіктікте орындалатын жұмыстардың қауіпсіздігіне, құрылыс техникасын дұрыс пайдалануға және жұмысшыларды жеке қорғаныс құралдарымен толық қамтамасыз етуге аударылады.
СНХ: ҚАЛИ РАХМЕТОВ, ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПОДАҚТАР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Бұл тексеру емес, керісінше өндірістегі жарақаттану қаупінің алдын алу үшін құрылыс нысандарына барып, ықтимал тәуекелдерді азайтуға бағытталған түсіндіру және ұсыным беру жұмыстары. Кәсіподақтар федерациясы еңбек қауіпсіздігі мәселесіне барлық салаларда, яғни құрылыс, тау-кен өнеркәсібі, көлік, медицина және өзге де бағыттарда ерекше мән береді. Адам қай салада еңбек етсе де, таңертең жұмысқа барып, кешке аман-есен, дені сау күйде, мүмкіндігінше лайықты жалақымен үйіне оралуы тиіс. Кәсіподақ әрдайым осы қағидатты берік ұстанады. Біздің негізгі міндетіміз - кәсіподақ мүшелерінің жан-жақты қорғалуын қамтамасыз ету.
РКС: Аймақта өндірістік жарақаттар көрсеткішінің артуына байланысты осындай жұмыс тобын құру қажеттілігі туындады. 1 мамырдағы деректерге сәйкес, Ақмола облысы бойынша өндіріс орындарында 25 жазатайым оқиға тіркелген. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 10 жағдайға көп. Жоба қатысушылары құрылыс нысандарына тұрақты түрде мониторинг жүргізу және алдын алу шараларын күшейту еңбек қауіпсіздігі мәдениетін арттыруға, ықтимал қауіп-қатерлерді дер кезінде анықтауға мүмкіндік бермек. Екіншіден, заң бұзушылықтардың алдын алуға да ықпал етпек.
ИНДИРА СҰЛТАНОВА, ЗАРИНА САПАРҒАЛИЕВА, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ