ДИКТОР: Жыл басынан бері Ақмола облысында браконьерлік және табиғатты қорғау заңнамасын бұзу фактілеріне қатысты 6 қылмыстық іс тіркелді. Бұдан бөлек жауапты сала мамандары ондаған заң бұзушылықты анықтады. Ал салынған айыппұлдың сомасы 2 миллион теңгеден асты.

РКС: Соңғы тіркелген жағдайлардың бірі Целиноград ауданында орын алды. Онда қызыл кітапқа енген жануарларды заңсыз аулау фактісі анықталды. Қорықшылар 2 ақбөкеннің өлексесін тасымалдап бара жатқан браконьерлерді квадроциклмен қолға түсірді. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

СНХ: АРМАН ТҰРЫМБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІ АУМАҚТЫҚ ИНСПЕКЦИЯСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Жыл басынан бері полиция қызметкерлері, аңшылық шаруашылықтардың егерлік қызметі мен «Охотзоопром» инспекторларының қатысуымен 107 бірлескен рейдтік іс-шара өткізілді. Оның бәрі табиғатты қорғау заңнамасының бұзылуын анықтау және жолын кесу мақсатында жасалған шара. Сонымен қатар, мемлекеттік орман иеленушілеріне қатысты 32 тексеру жүргізілді. Оның қорытындысы бойынша табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың 53 дерегі анықталды. 2 миллион 389 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Келтірілген залал 671 мың теңге. Сондай-ақ, 1 аңшылық қару тәркіленді.

РКС: Жануарлар дүниесін қорғауға қатысты 6 қылмыстық іс қозғалды. Оның 3-і заңсыз аңшылықпен байланысты. Сондай-ақ, сирек кездесетін жануарлардың бөліктерін заңсыз айналымға түсіру, оларды тасымалдау және жою деректері тіркелген. Бұдан бөлек жануарларға қатыгездік таныту фактісі бойынша тағы 1 қылмыстық іс қозғалды. Инспекция өкілдерінің айтуынша, мұндай құқық бұзушылықтар үшін ірі көлемдегі айыппұл ғана емес, сонымен қатар бас бостандығын шектеу немесе айыру жазасы да көзделген.

КЕСТЕ:

ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІН ҚОРҒАУ

6 ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС

3 ДЕРЕК — ЗАҢСЫЗ АҢШЫЛЫҚ (ҚР ҚЫЛМЫСТЫҚ КОДЕКСІНІҢ 337 б.)

1 ДЕРЕК —СИРЕК ЖАНУАРЛАРДЫҢ БӨЛІКТЕРІН ПАЙДАЛАНУ (ҚР ҚЫЛМЫСТЫҚ КОДЕКСІНІҢ 339 б)

1 ДЕРЕК — СИРЕК ЖАНУАРЛАРДЫҢ БӨЛІКТЕРІН ЗАҢСЫЗ ТАСЫМАЛДАУ НЕМЕСЕ ЖОЮ (ҚР ҚЫЛМЫСТЫҚ КОДЕКСІНІҢ б)

1 ДЕРЕК — ЖАНУАРЛАРҒА ҚАТЫГЕЗДІК ТАНЫТУ (ҚР ҚЫЛМЫСТЫҚ КОДЕКСІНІҢ 316 б.)

ЖАЗА:

АЙЫППҰЛ

БАС БОСТАНДЫҒЫН ШЕКТЕУ НЕМЕСЕ АЙЫРУ

СНХ: АРМАН ТҰРЫМБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІ АУМАҚТЫҚ ИНСПЕКЦИЯСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Браконьерлік заңмен қудаланатынын ескерткім келеді.Заңсыз аңшылықпен айналысқандарға қомақты айыппұл қарастырылған. Қылмыс жасаған қаруы тәркіленіп, темір торға тоғытылады. Ешқандай заңсыз табыс бостандықтан, көлемді айыппұлдан және тәлкіге түскен тағдырдан артық емес.

РКС: Былтыр жауапты органдар браконьерлік фактісі бойынша 11 қылмыстық іс қозғаған. Сондықтан, инспекция басшылығы азаматтарды қоршаған ортаға ұқыптылық танытуға шақырады. Экологиялық қылмыс деректері туралы білген жағдайда бірден құқық қорғау органына хабарласу қажеттігін де ескертеді.

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ