ДИКТОР: Ел аумағында мамырдың 18-і мен маусымның 8-і аралығында "Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан" атты акциясы өтіп жатыр. Бұл шара Ақмола облысында да басталды. Ол отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға, зардап шеккендерді қолдауға және балалар қорғауға бағытталып отыр. Республикалық акция аясында Көкшетаудағы сауда-ойын-сауық орталықтарының бірінде колледж студенттері, полиция қызметкерлері мен қоғам өкілдерінің қатысуымен флешмоб ұйымдастырылды.

РКС: Республикалық акция аясында өңірде профилактикалық және түсіндіру шаралары өткізілуде. Осылайша, қала тұрғындары мен қонақтарына қолданыстағы қолдау тетіктері мен өмірлік қиын жағдайларда көмек алу жолдары туралы ақпарат беріліп жатыр. Балалардың кереуеті мен шашылып жатқан ойыншықтардан құралған тақырыптық инсталляция шараға келушілердің назарын бірден аударды. Бұл көрініс отбасылық жанжалдардың куәгері болған балалардың осал жағдайын және олардың қорғау мен қолдауға мұқтаж екенін бейнелейді.

СНХ: ӘСЕМ АППАЕВА, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША БАЛА ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛ: Бұл акцияның мақсаты - отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу. Қоғамда балалар да зорлық-зомбылықтың қалыпты жағдай емес екенін түсініп, бұл мәселе туралы ашық айтуы қажет екенін ұғынуы тиіс. Әсіресе, балалар көп зардап шегеді. Сондықтан, олардың дер кезінде көмек сұрап, қажетті қолдау ала алатынын білуі маңызды. Әр отбасы қамқорлыққа, қолдауға және назарға мұқтаж. Осындай жағдайда көмек көрсететін арнайы орталықтар мен полиция қызметкерлері. Уақытылы қолдау көрсетіп, қажетті жәрдемді көрсете алады.

СНХ: МАРИЯ ХАЛИКОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСТЫҒЫ: Акция аясында отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың куәгері болған балаларды қорғау мен қолдауға ерекше назар аударылып отыр. Себебі, олар дер кезінде көрсетілетін көмекке аса мұқтаж, ең осал санаттағы топтардың біріне жатады.

РКС: Акция аясында сауда орталығында флешмоб ұйымдастырылды. Бұл бастаманы колледж студенттері де қолдап отыр. Жастар келушілерге отбасылық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен жандарға көрсетілетін көмек түрлері туралы ақпарат қамтылған арнайы буклеттер таратты. Ал, зорлық-зомбылық құрбандарымен ынтымақтастықтың және отбасы құндылықтарын қолдаудың белгісі ретінде қатысушыларға символикалық ленталар табыс етілді.

СНХ: ҚАРЛЫҒАШ ШАМҒОНОВА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Немерелерім Алматыдан қонаққа келген еді. Соларды осы сауда орталығына ертіп келіп, осындай акцияны тамашалап жатырмыз. Полиция қызметкерлері Қазақстанда зорлық-зомбылыққа қарсы акция өткізіп жатыр екен. Бізге ақпараттық буклет таратты, лента тағып берді, ал немерелеріме еліміздің көк туын сыйға тартты. Елімізде орын алып жатқан кез-келген зорлық-зомбылыққа түбегейлі қарсымыз.

РКС: Мұндай акциялар қоғамда зорлық-зомбылыққа деген нөлдік төзімділік қағидатын қалыптастыруға, отбасы құндылықтарын нығайтуға және көмекке мұқтаж азаматтарға қолдау көрсетудің тетіктері қашан да қолжетімді екенін еске салуға бағытталып отыр,- дейді ұйымдастырушылар. Науқан аясында ұйымдастырылған профилактикалық шара маусымның 8-не дейін жалғасады.

ЛАУРА ЕЛУБАЕВА, ЗАРИНА САПАРҒАЛИЕВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ