ДИКТОР: Көкшетауда Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай "Таза Қазақстан" республикалық акциясы өтті. Игі шараға 100-ден астам адам қатысып, «Бәйтерек» саябағының аумағын қоқыстан тазартты. Экологиялық акция жастардың табиғатқа деген жанашырлығын арттырып, қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған. Шара барысында қатысушылар тазалық жұмыстарын жүргізіп қана қоймай, денсаулыққа пайдалы дене жаттығуларын орындап, салауатты өмір салтын дәріптеді. Әріптесім Лаура Елубаева баяндайды.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Шара барысында табиғатты қорғау, қоршаған ортаны ластамау және экологиялық жауапкершілікті күшейту мәселелері кеңінен насихатталды. Мұндай акциялар өңірдің көркеюіне ғана емес, тұрғындардың экологиялық санасының қалыптасуына да оң ықпал етеді, - дейді ұйымдастырушылар.
СНХ: АРЫСТАНБЕК ТАСҚЫНБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: "Таза Қазақстан" акциясының мақсаты ол өскелең ұрпақты экологиялық мәдениеті жоғары тұлға ретінде қалыптасуына, қоршаған ортаны қорғауға, өзінің туған жерін, табиғатын аялауға үйрету. Бұл акция бір күндік акция емес. Жыл бойы жалғасын табады. "Таза Қазақстан" акциясы аясында көктемнен бастап бізде ағаш егу, тазалық жұмыстары күзге дейін жалғасады.
РКС: Экологиялық шараға студенттер мен белсенді жастар да ерекше үлес қосты. Олар мұндай акциялар қаланың тазалығын сақтауға ғана емес, сонымен қатар қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді, - дейді.
СНХ: ӘСЕМ НӘБИЕВА, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ: "Таза Қазақстан" акциясы жақсы өтуде. Бұл акцияға келудегі басты мақсатымыз Осы Көкшетау қаламыздың тазалығын сақтау болып табылады. Акция болсын, басқа да іс-шаралар болсын атсалысып тұрамыз.
СНХ: ЖАНЕРКЕ ДӘУЛЕТ, Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ: Таза Қазақстан бұл таза болашақтың кепілі деп білеміз. Қазіргі жастар осылай атсалысып, белсене түрде көмектесіп жатқанына қуаныштымыз. Біз ай сайын осылай саябақтарды, болмаса қала тұрғындарының арасындағы мекендерді тазалап тұруға келеміз.
РКС: Табиғатқа жанашырлық - әр азаматтың ортақ міндеті. Осы ретте, қазір "Таза Қазақстан" республикалық акциясы аясында өңірде қоршаған ортаны қорғауға бағытталған түрлі шара тұрақты түрде өткізіліп келеді. Бұл бастама азаматтарды табиғатты аялауға үндеп, экологиялық мәдениетті дамытуға шақырады.
ЛАУРА ЕЛУБАЕВА, САНЖАР НҰРСЕЙІТОВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ