ДИКТОР: Өңірде ауыл шаруашылығы саласына маманданған жандардың азайып кеткені байқалады. Ол әсіресе ауылды жерлерде ерекше көрініс тапқан. Бүгінгі таңда облыста 20 колледж кадрлар дайындаумен айналысады. Алайда бұл мамандар тапшылығын жоя ма? Тақырыпты тілшіміз жалғастырады.
РСК: Ақмола облысында 400 мың адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Оның 70 пайызы жұмысшы мамандықтың өкілдері. Осы сала мамандарына деген сұраныс өңірдегі кәсіпорындардың дамуымен өсе түскен. Жұмыс күшінің ұтқырлығы орталығында өндіріс орындарында техникалық және инженерлік бағыттағы кадрлар жетіспеушілігі басым екенін айтады. Бұлар негізінен машина жасау, құрылыс, энергетика саласының мамандары мен дәнекерлеуші, токарь, слесарь сияқты өндірістік жұмысшылар.
СНХ: АЛЕКСАНДР СОЛОДКА, ОБЛЫСТЫҚ ЕҢБЕК ҰТҚЫРЛЫҒЫ ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Ақмола облысының ауыл шаруашылығы саласында кәсіби мамандарға мұқтаждық өте жоғары. Оның ішінде агроном, ветеринар, инженерлер мен басқа да аграрлық сала жұмысшылары қат.Ең басты себеп, төмен кіріс пен жастардың қалаға көптеп кетуі. Жоғары жалақы, әрі инфрақұрылым, білім мен мансап мүмкіндіктерінің болуынан Көкшетау қаласы мен басқа да аудан орталықтарына мамандардың шоғырлану көрсеткіші де жоғары.Соның өзінде қалаларда медицина мен техникалық білім саласы мамандарының жетіспеушілігі байқалады, бірақ ол ауылдағыдай күрделі емес.
РСК: Ақмола облысы жыл сайын 7 мың жұмысшы мамандарды дайындайды. Сондай білім мекемесінің бірі ¬ - Красный Яр селосындағы Көпсалалы инновацилық колледжі. Дуалды оқыту жүйесін қолданатын, әрі халықаралық аккредитациядан өткен білім ордасында 480 студент оқиды.
СНХ: ВЛАДИМИР ЛАРИН, КӨПСАЛАЛЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Біз мемлекеттік тапсырыс негізінде оқушыларды қабылдаймыз. Ол үшін кәсіби бағдап жүргізіп,мектептерге барып, 9-шы сынып оқушылары арасында үгіт жүргіземіз, болашақ мамандықтарымен кеңірек таныстырамыз. Бізде тегін тамақтандыру, тегін жатын орынмен қамтылған, әрі шәкіртақы төленеді.
РСК: Колледжде 90 пайыз ауыл балалары оқиды. Көпшілігі саналы ғұмырын ауыл шаруашылығына немесе өндірісітік салаға арнаған туысқандарының жолын таңдайды.
СНХ: НӘЖМИДЕН НҰРАЛИН, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: Бізде кәсіпорындармен әлеуметтік байланыс жақсы орнатылған. 700 әлеуметтік серіктестеріміз арқылы жастар өндірістік тәжірибеден өтеді. Барлық студенттеріміз жұмысшы мамандықтарына дуалды формада оқиды, оның 60 пайызын тәжірибе, 40 пайызын теория құрайды.
РСК: Соңғы жылдары Ақмола облысының колледждері шет елдермен академиялық байланысты нығайтқан. Ақмолалық студенттер шетелдік мамандардан тәжірибе жинақтайды. Мысалы, қазір бір студент ауыл шаруашылығы механизациясы бағдарламасы бойынша Францияда тәжірибеден өтіп жатыр.
ГӘККУ АСЫЛБЕКҚЫЗЫ, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.