ДИКТОР: Қазақстанда бала құқығын қорғау мемлекеттік саясаттың басым бағыты. Биыл елде «Қазақстан балалары» жобасы бастау алды. Былтыр 1-ші шілде «Кәсіби қабылдаушы отбасы» туралы заң күшіне енді. Осы заңды жүзеге асыру мақсатында Ақмола облысында «Бақытты отбасы» жол картасы аясында пилоттық жоба қолға алынды. «Ана үйі» қорының бастамасымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

РКС: Кәсіби қабылдаушы отбасының дәстүрлі асырап алушы отбасынан айырмашылығы бар. Мұнда ата-ана баланы өзі таңдамайды. Алдымен арнайы мамандар үміткерлерді жан-жақты тексерістен өткізеді. Тек содан кейін ғана кәсіби қабылдаушы отбасы мәртебесі беріледі. Қазірдің өзінде Ақмола облысында пилоттық жобаға қатысуға ниет білдірген 2 отбасы бар.

СНХ:ҚҰРАЛАЙ ЖҰМАБЕКОВА, «КӘСІБИ ҚАБЫЛДАУШЫ ОТБАСЫ» ПИЛОТТЫҚ ЖОБАСЫНА ҮМІТКЕР: Өткен конференцияда біз кәсіби отбасы институты жобасын іске асыруды қолға алдық. Осы аптада атқарылатын бір қатар істің міндеттері мен мақсаттарын нақты жоспарладық. Кеше ата-ана қамқорынсыз қалған балалар үйіне бардық, сондай-ақ, жетімдер үйінен түлеп шыққан студенттермен де кездесіп семинар ұйымдастырдық. Оларға «Кәсіби қабылдаушы отбасы» пилоттық жобасы туралы ақпарат бердік. Олар оң көз қарастарын білдіріп, жақсы пікірлерімен бөлісті.

РКС: Пилоттық жоба аясында бала кәсіби қабылдаушы отбасында 3 айдан 6 айға дейін тәрбиеленеді. Кейін ата-анасына қайтарылады. Алайда бұл шешім мамандардың жан-жақты сараптауынан кейін ғана қабылданады. Жобаға балалар үйінен түлеп ұшқан жастар да қатыса алады. Бүгінде бастамаға қолдау білдірушілер саны артып келеді.

ИНТЕРШУМ:

СНХ: АНАР АЯПБЕРГЕНОВА, «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ: Өткенде біз студенттік отрядтар құрастырдық. Біз оны механикалық отрядтар деп атаймыз. Солай атайтын себебіміз өйткені ол Агроколледжбен байланысты. Ол жерде механиктер, слесарьлер болды 10 адамнан топ құрастырып соларға тапсырдық. Олармен договорға отырдық. Ақшасы төленді. Енді егер мына балалардың ішінде істеймін дегендер болса, біз олардың ішінде де топ құрап лагерьге қоса аламыз. Негізі 16-17 жасар балалар жазда 300-400 мың ақша тапты. Енді ол бір айда.

СНХ: ДУАНБАЙ ЫБЫРАЙ, ӘСКЕРИ-ТЕХНИКАЛЫҚ МЕКТЕБІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ ЩУЧИНСК ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Бүгін әскери-техникалық мектепте біріншіден, Аналар үйіне өз қолымыздың ұшын беріп, бүгінгі күні оларды қолдап, Ашық есік жасап, бір жағынан елді қорғайтын, жерді қорғайтын осындай мектеп бар екенін, қандай жастарды біз оқытатынымызды бәрін көрсеттік.

РКС: Әрине, пилоттық жобаның шешімін күткен мәселелері де бар. Кадр тапшылығы мен қаржыландыру жайы өзекті. Дегенмен, бастаманың басты мақсаты – балаға уақытша болса да тұрақты қолдау көрсетіп, ата-ана мейірімін сезіндіру.

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, ТЕМІРЛАН СӘБИТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ