ДИКТОР: Көкшетауда жұмысшы кадрларды даярлаудың жаңа әдістері енгізілуде. Қаладағы колледждердің бірі жұмыс берушілердің нақты сұраныстары мен мамандықтың заманауи талаптарына бағытталған оқыту форматын іске қосты. Бұл тәжірибе студенттерге қалай әсер етуде және ол оқу үрдісіне қандай жаңашылдық енгізіп отыр? Тілші баяндайды.
РКС: Көкшетаудағы құрылыс-технологиялық колледжінде дәнекерлеу, ағаш және кулинар цехтарын қамтитын үш шағын кәсіпорын ашылды. Жоба жұмысшы мамандықтар жылын өткізу мен техникалық және кәсіптік білім беруді трансформациялаудың 2025-2027 жылдарға арналған Жол картасы шараларының Жоспары аясында жүзеге асырылуда.
СНХ: АЛПЫСБАЙ ОМАРОВ, КӨКШЕТАУ ҚҰРЫЛЫС-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Колледж базасында шағын кәсіпорынның ашылуы техникалық кәсіптік білім беруді трансформациялау жөніндегі шаралар бағдарламасын жүзеге асыруғ,а жасалып отырған қадам дер едім. Бұл жерде практика оқытуға бейімделіп жасалған. Шағын кәсіпорындардың артықшылығы көп. Ең біріншіден бюджет толығыда,ы қосымша қаржы көзі пайда болады. Ол колледждің материалдық-техникалық базасын нығайтуға жұмсалады.
РСК: Болашақ дәнекерлеушілер мейлінше нақты өндіріске жақындатылған жағдайда жұмыс істеуді үйренеді. Сутденттер практикалық сабақтарда металлдан жасалған қақпалар мен қоршаулар жасайды.
СНХ: АРТУР АНТОНОВ, СТУДЕНТ: Мен осы колледждің үшінші курс студентімін. Дәнекерлеуші мамандығының қыр-сырын меңгеріп жатырмын. Бұл жерде шағын кәсіпорында жұмыс істеп жатырмыз. Колледж тапсырыс қабылдайды, біз жасаймыз. Мысалы, орындықтар, кәуап пісіретін мангал дайындаймыз. Сейсенбі мен бейсенбі күндері практикалық сабақтар өтеді.
РКС: Ағаш шеберханасында болашақ мамандар табиғи сүрекпен жұмыс істеп, оны өңдекдің заманауи технологияларын меңгереді. Олар бұл жерде детальдарды өңдеуді, дәлдеуді және өнімді алғашқы сұлбасынан бастап дайын өнімге дейін жинақтауды үйренеді. Оқытудың бұл түрі кәсіби ойлау қабілеті мен өндіріс мәдениетін дамытуға көмектеседі.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Кулинар цехында студенттер заманауи базада аспаз бен кондитердің мамандығын меңгереді. Бұл жерде олар тек оқу орнының қажеттілігі үшін ғана емес, сонымен қатар мектеп асханаларына дәмі тіл үйірер тәтті торттар мен нан-тоқаш өнімдер дайындайды. Бұдан бөлек, салтанатты және өзге де маңызды іс-шараларға тапсырыстар қабылдайды. Осылайша олар өздерінің алған білімін нақты істе дәлелдейді.
СНХ:МӘДИНА ТҰРЛЫБЕКОВА, ӨНДІРІСТІК ОҚЫТУ ШЕБЕРІ: Жаңа кәсіпорынның ашылуы тәжірибеге негізделген оқытудын жаңа қадамы. Мұнда студенттер тек теорияны ғана емес, нақты жұмыс процесінде үйренеді: тапсырыс қабылдайды, өнім дайындайды және кәсіби дағдыларын дамытады. Жаңа кәсіпорын студенттердің кәсңби шеберлігін арттыруға? Жұмысшы мамандықтарының беделін көтеруге және колледждін материалдықө техникалық базасын ныйғайту мүмкіндік береді.
РКС: Оқу орындарының базасындағы шағын кәсіпорындар бүгінде теория мен тәжірибе арасындағы нақты көпірге айналып отыр. Дәл осындай тәжірибе Көкшетау жоғары техникалық колледжінде, Шағалалы агротехникалық колледжінде, Степногорскідегі көпсалалы инновациялық және жоғары колледждеріне табысты енгізілген. Мұндай алаңдарды құру жаңа белестерді бағындыруға жол ашады. Бұл ең алдымен материалдық-техникалық базаны жүйелі түұрде жаңартуға, сонымен бірге өндіріс пен білімнің тікелей байланысын нығайтуға мүмкіндік береді.
ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, КАРИНА СУЛЕЙМАНОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ