ДИКТОР: Шаһар тұрғындары Ата заңдағы маңызды өзгерістерді қолдайды. Олар бұл өзгерістер елдің тұрақты дамуына серпін беріп, мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді нығайтады. Сондай-ақ, елді жаңғыртуға және әділетті қоғам қалыптастыруға жол ашады,-деген пікірде.
РКС: Ата Заң әр кезеңнің саяси талаптарына сәйкес өзгеріп отырған. Бүгін ұсынылып отырған жаңа Конституция жобасы азаматтардың сұранысын ескере отырып, саяси жүйе мен қоғамдық институттарды жаңа жағдайда жаңғыртуға бағытталған. Құжатта әділет пен заңның үстемдігі, ғылым мен білімге басымдық беру, адамға бағдарланған мемлекет құру, сондай-ақ интеллектуалды, прогрессивті ұлт қалыптастыру бағыттары айқын көрсетілген.
СНХ: АРДАҚ ҚАПЫШЕВ, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОРЕКТОРЫ: Жаңа Конституция жобасын құптаймын.ол елдің жаңаруының негізі деп есептеймін. Жаңа Конституцияның жобасында ғылым, блім, инновация осы ұғымдар белгіленген. Ата Заңда бұл ұғымдар белгіленгеннен кейін, жаңа Ата Заң қабылданған соң, жаңа актілер қабылданады.
СНХ: ЕРМЕК НҰҒЫМАН, ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ: Жаңа Конституцияның қабылдануы бұл – заман талабы. Өйткені заманның қалай өзгеріп жатқанына кріп жатырмыз. Осы 20-30 жылда үлкен өзгерістер болып жатыр. Жалпы дүниежүзінде үлкен өзгерістер болып жатыр. Соның бәрін ескере отырып, оны біз құптаймыз.
СНХ: СЕРІК ЖЕТПІСҚАЛИЕВ, ҚАЗАҚСТАН ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ: Жаңа Конституцияның ерекшелігі көптеген түсініктердің анық, нақты жазылуы, тарқатылып жазылуы деп ойлаймын. Кіріспенің өзінде ғылым, білімге бағдар сілтеу бар. Ол бүгінгі заманның талабы. Бүгінгі заманда еліміз қай бағытқа даму керек десек, соның бір міндетті түрде керек нәрсесі ол – ғылым-білімге ұмтылуы.
РКС: Ал цифрлық деректерге келетін болсақ, бүгінде қазақстандықтардың деректері әлеуметтік желілерде, мемлекеттік қызмет порталында, банктерде сақталады. Сондықтан олардың заңсыз қолданылуы үлкен қауіп тудыруы мүмкін. Осы ретте жеке деректерді Конституциямен қорғау - адамның жеке өміріне қол сұқпауға кепілдік береді,-дейді тұрғындар.
СНХ: БАҚДӘЛЕТ ЕРМЕКӘЛІ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Цифрлық қауіпсіздік деген нәрсе бар. Деректердің басқа қолға кетіп қалуы. Сондықтан бұл заңымызда көрсетілуі керек. Сол заң арқылы қауіпсіздігімізді күшейтеміз және алаяқтық азаяды деп үміттенемін.
РКС: Көкшетаулықтар референдум жайлы жақсы хабардар және оның маңыздылығын түсінеді. Сондықтан алдағы 15-ші наурызда өтетін референдумда Жаңа Конституция жобасын қолдауға дайын.
ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ