ДИКТОР:Бурабай ауданына қарасты Баянбай ауылында жаңа сүт-тауарлы фермасы салынып жатыр. Нысан осы жылдың сонына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Кеше облыс әкімі Марат Ахметжанов құрылыстың барысымен танысты. Тілшіміз Евгений Варанкин жалғастырады.
РКС: Бүгінде жаңа салынып жатқан сүт-тауарлы фермасының іргетасы толығымен дайын. Жоба құны7 миллиард теңге.Нысан іске қосқаннан кейін жылына 12 мың тонна сүт өңделеді. Нәтижесінде облыс бюджетіне жыл сайын 860 миллион теңге түспек. 100-ден астам жаңа жұмыс орны ашылмақ.
СНХ: НҰРБЕК БАДЫРАҚОВ, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Бүгінде сүт-тауарлы фермаларына 18 миллиард теңге қаржы бөлініп, 8 сүт-тауарлы ферманың құрылысы жүргізілген болатын. Соның ішінде 6 сүт-тауарлы фермасының құрылысы толығымен аяқталды. Нәтижесінде облысқа 8 мың бастан астам асыл тұқымды шетелдік сүт бағытындағы бастар әкелінді. Биылғы жылға осы 6 сүт-тауарлы ферманың нәтижесінде қосымша облыста 35 мың тонна сүт өндірілетін болады. Былтырғы жылы құрылыс басталған екі сүт-тауарлы фермасы, оның бірі бүгін құрылыс жұмысы жүріп жатқан, «Burabay milk» серіктестігі жалпы қуаттылығы 1440 басқа арналған сүт тауарлы фермасы биылғы жылы толығымен іске қосылады.
РКС: Бұдан бөлек, биыл Атбасар ауданында да 1200 басқа арналғантағы бір сүт-тауарлы фермасы іске қосылады деп жоспарланып отыр. Ол жылына қосымша 15 мың тонна өніммен қамтамасыз етпек. Сонымен қатар биыл инвистициялық 5 жобаны жүзеге асыруға 9 миллиард теңге бөлінбек. Оның екеуі сүт-тауарлы ферма.
СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Нақтылап тексеріп, басқа жобалары қалай. Іске асатын жоба ма екен. Ең бастысы сол. Енді қазір мұқият қарап отырмыз. Өйткені сол берілген қаржының бәрін тиімділігін қарауымыз керек. Нәтижесі болу керек. Сосын бюджет, халыққа тұрақты жұмыс болады. Соның бәрін жан-жақты қарап, әрине қолдау болады.
РКС: Сүт-тауарлы фермалар іске қосылған сәтте өңірде өңдірілетін сүттің көлемі 75 мың тоннаға артады.Жыл басынан бері облыс бойынша 210 мың тонна сүт өндірілді. Жалпы мал шаруашылықғы саласында 400 миллиард теңгеге жуық өнім өндірілді.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ