ДИКТОР:Ақмола облысында республикалық референдумды өткізуге қатысты өңірлік референдум учаскелері дайындық жұмыстарын бастап кетті. Жалпы облыс бойынша 760 референдум учаскесі жасақталып, 4,5 мыңнан астам комиссия мүшесі тағайындалды. Референдумға учаскелердің дайындық жұмыстарымен тілшіміз танысып қайтты.
РКС: Облыс бойынша 511 мыңнан астам азамат дауыс береді. 700 учаске азаматтардың тұрақты тіркелген жерінде орналасқан, ал 60 уақытша орналасқан жерде, соның ішіне ауруханада, әскери бөлімдер мен жабық мекемелер кіреді. Бұл азаматтардың жағдайын ескере отыра дауыс беру құқығын жеңілдетеді. Сондай-ақ, мүгедектігі бар жандар да назардан тыс қалған жоқ.
СНХ: АРДАҚ АХМЕТЖАНОВА, №15 УЧАСКЕЛІК РЕФЕРЕНДУМ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ: Біздің участок Бәйкен Әшімов көшесінде Мәлік Ғабдуллин атындағы №3 көпсалалы мектеп-гимназиясында орналасқан. Біздің участкеде 1769 сайлау беруші бар. Барлық сайлаушыларға шақырту билеттері таратылған. Сонымен қатар біздің учаскеде 8 мүмкіндігі шектеулі жандар бар. Олар үшін барлық жағдай жасалған. Арнайы кобинкалар, пандустар және көру, есту қабілеттері төмен адамдар үшін трафареттер, лампалар, лупалар және құрал- жабдықтар дайындалған.
РКС: Референдум барысында дауыс берушілер құқығының қорғалуын және дауыс беру тәртібін қадағалайтын учаскелік комиссия мүшелері арнайы дайындықтан өтті.
СНХ: МАРАЛ ШӘМЕНОВА, №804 УЧАСКЕЛІК РЕФЕРЕНДУМ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ: Қазір референдум бойынша комиссия мүшелерімен қалай өткізу керек? Қалай құжаттарды әзірлеу керек? Ұйымдастыру бойынша көптеген оқыту семинарлары өткізілді, шебер сыныптар өткізілді. Семинардың қорытындысы бойынша әр комиссия мүшесі тест тапсырды. Жалпы бізге дайындық бойынша көптеген әдістемелік құралдар берілді.
РКС: Жаңа конституция жобасына қатысты дауыс беру тәртібі дәстүрлі түрде өтеді.
КЕСТЕ МӘТІНІ: Дауыс беру тәртібі бойынша сайлаушы ең алдымен комиссия мүшелеріне жеке басын куәлендіретін құжатын көрсетеді, ол өзімен бірге болмаса дауыс беру мүмкін емес. Құжатын ұсынғаннан кейін комиссия мүшесі азаматты сайлау тізімі бойынша тексереді. Содан соң дауыс берушіге бюллетень беріледі. Азамат бюллетеньді толтырып, «Иә» немесе «Жоқ» жауабын белгілейді. Ескерту: бір ғана таңба болуы керек, дұрыс белгіленбесе бюллетень жарамсыз деп саналады. Толтырылған бюллетень арнайы жәшікке салынады. Әр дауыстың құпиялығы мен қауіпсіздігі сақталады.
КЕСТЕ:
№ Сайлаушы Не істеу керек? Ескерту
1 Жеке куәлікті көрсету Сайлау учаскесіне келгенде жеке куәлікті немесе төлқұжатты көрсету Жеке куәліксіз дауыс беру мүмкін емес
2 Сайлау тізімінен тексеру Комиссия сіздің атыңыз-жөніңізді сайлау тізімінен тексереді Дауыс беру үшін бюллетень беріледі
3 Бюллетеньді толтыру Бюллетеньге «Иә» немесе «Жоқ» жауабын белгілейді Бір ғана таңба қою керек, дұрыс белгіленбесе, бюллетень жарамсыз деп саналады
4 Бюллетеньді салу Толтырылған бюллетеньді арнайы жабық жәшікке салу Құпиялық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етеді
РКС: Азаматтарға дауыс беру тәртібі мен олардың құқығы жөнінде ақпараттандыру жұмыстары қоғамдық көліктерде, халық көп шоғырланған орындар мен лед экрандарда белсенді жүріп жатыр. Десе де, халық арасында есептен шығару куәлігі жөнінде сұрайтындар көп.
СНХ: МАНАРБЕК СӘДУОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Қазір көбі сұрап жатыр. Көкшетауда тұрамын, осы жерде дауыс беру керек еді, бірақ отбасы жағдайымен, қызмет бабымен Алматыға немесе Астанаға кетіп қалдым. Қалай істеу керек деп?егер ол жаққа барса сайлаушы дауыс бере алмайды. Өйткені оның қолында ресми құжат болу керек. Сондықтан, біз қазір айтамыз ең бірінші сіздер басқа жаққа бармас бұрын, есептен шығару куәлігін алыңыздар бізден. Бізден бұл құжатты алған соң сіз кез-келген жерде дауыс бере аласыз. Кей біреуі Көкшетауға келе алмаймыз Алматыдамыз десе, біз айтамыз онда сенім хат беріңіз. Нотариусқа барудың қажеті жоқ. Қарапайым түрде қолхат бересіз. Мен жұбайыма сенім білдіремін, мен үшін есептен шығару куәлігін алсын деген.
РКС: Референдум әр қазақстандық үшін маңызды оқиға. Сондықтан жауапты мамандар азаматтардың барлық жағдайын ескере отыра, референдумды өткізу жүйесі толық пысықтауда. Азаматтардың заңды және ашық түрде дауыс беруі үшін барлық жағдай қарастырылған.
РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ