ДИКТОР: Көктемнің шуағымен бірге мерекелер легі де көбейеді. Алғыс айту күнінен басталған мереке аптаның соңында нәзік жандылардың мейрамына ұласады. Халықаралық әйелдер күні – нәзік жандылардың қоғамдағы ролін айқындап, олардың отбасы мен ел өміріндегі елеулі еңбегін бағалайтын айырықша мереке. Айтулы датаға орай Көкшетау қалалық үлгілі кітапханасында «Қыздарға әсемдік жарасады» атты сырласу кеші ұйымдастырылды. Тағылымды басқосу қыз бала тәрбиесін насихаттап, әйел-ананың қоғамдағы мәртебесін ұлықтауға арналды.

РКС: Шара барысында аналардың даналығы, қыз баланың тәрбиесі, ұлттық болмыс пен заманауи көзқарастың сабақтастығы әңгіме арқауына айналды. Қатысушылар еркін пікір алмасып, өнегелі ойларымен бөлісті.

СНХ: САЯ БЕКҚАЖАНОВА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ АНАЛАР КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ: Әрине қазір цифровизация заманы дейміз, тез дамып келе жатқан заманда қыздарымыздың өзін-өзін жетілдіруі өте қажет дүние. Білімін жетілдіру керек. Сондықтан қыз баланың барлық жақтан рухани, адамгершілік жағынан, білімділік жағынан, көшбасшылық жағынан, бәсекеге қабілеттілік жағынан сондай біздің қыздарды өсіріп тәрбиелеуіміз керек. Менің ойымша қазіргі заманғы біздің қыздардың жиынтық бейнесі осындай.

СНХ: АЙГҮЛ НҰРМАҒАМБЕТОВА, «СЕНІМЕН БОЛАШАҚ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Елдің көркі қыз деген тақырыбын талқыладық. Қыз деген қазіргі таңда қандай қасиетті болу керек, осыны біз бүгін жас қыздармен белсенді түрде талқыладық. Білімге тартыныс болуы керек. Өзіне алға қойылған мақсат-армандарына ұмтылу керек.

РКС: Кешке қатысқан бойжеткендер белсенділік танытып, өздерін толғандырған сауалдарға тұшымды жауап алды. Ана мен әйел тақырыбына арналған жүрек тебірентер өлеңдер оқып, тағылымға толы көріністер қойды.

ИНТЕРШУМ:

СНХ: ЖАНЕЛЬ РЫСТИНА, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІ ЖАНЫНДАҒЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ:/ Бұл кеште қазақ қыздарының рухани құндылығы, олардың қоғамда алатын орны деген секілді түрлі мәселелерді талқылаған болатынбыз. Мұқағали Мақатаевтың бақыт деген не өзі деген шығармасынан үзінді алып, көрініс ретінде ле қойып жатырмыз. Түрлі өлеңдер оқылып, психологиялық тренингтер өткізіп, осы кешті толықтай өткіздік. Қазіргі таңда қазақ қыздарының құндылығы өсуде деп ойлаймын. Олардың құқықтары қорғалып, осы таңда олардың құндылығы өсіп жатыр деген ойдамын.

РКС: Кеш соңында қазақ қыздарының болмысын, қайсарлығы мен батылдығын, даналығы мен парасатын таныстыратын әдебиеттерді қамтыған кітап көрмесі жасақталып, арнайы шолу ұйымдастырылды.

ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ