ДИКТОР: Биыл Қосшы қаласының шаһар мәртебесін алғанына бес жыл толады. Осыған орай бірқатар маңызды шаралар өткізілуде. Соңғы екі жылдың ішінде қала тұрғындары жаңа пәтерлеріне қол жеткізіп, қоныс тойларын тойлап жатыр. Бүгін де Қосшы қаласының 40 тұрғынына жаңа пәтер кілті табысталды.
РКС: Пәтер кілттерін өңір басшысы Марат Ахметжанов салтанатты түрде өз қолымен тапсырды. Үйдің тең жартысы әлі бос, сондықтан кейбір кемшіліктері пайда болған жағдайда жауапты жұмыс тобы бұл мәселелерді дер кезінде шешуге дайын екенін атап өтті. Мемлекет тарапынан әлеуметтік осал топ санатына жататын азаматтарға көмек әрі қарай көрсетіледі.
ИНТЕРШУМ:
СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Біз демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекетпіз деп Конституциямызда белгілеп қойдық. Соның бір тармағы, бағыты әлеуметтік сала. Сондықтан мемлекет өз тарапынан мұқтаж топты адамдарға жан жақты көмегін береді. Бұл мемлекеттің өзінің міндеті. Бұл баспана аренда емес, бұл сіздердің жеке меншіктеріңіз. Ол ертең өздеріңізге, балаларыңызға мұрағат болып қалады. Оның заң жолдары бар.
РКС: Осы үйдің бос тұрған пәтерлері мұқтаж адамдарға наурыз және сәуір айларында беріледі. Жалпы 371 адам баспаналы болады. Ал Қосшы қаласы бойынша осы уақытқа дейін жалпы 800 отбасына пәтер кілті берілді. Бұдан бөлек биыл қала газбен толық қамтылмақ. Сондай-ақ, 2027 жылы LRT жүйесі Қосшы қаласына жеткізіледі.
СНХ: ӘЛИЯ СЕЛЕУОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Бүгін баспана алып жатырмыз. Президентімізге рахмет, осындай баспана беріп. 40 жыл медицина саласында жұмыс істеп, осы уақытқа дейін баспана ала алмай күтіп жүрген едім. Қуанышымда шек жоқ. Өте қатты қуанып тұрмын. Осы қоныс тойы құтты болсын. Мен очередьте 3 жыл тұрдым. Халқымыздың хәл жағдайын көтеріп, тұрмыстық қажеттіліктерін көтеріп Марат Мұратұлына алғысым шексіз.
РКС: Қосшы қаласының 40 тұрғыны су жаңа, толықтай дайын пәтерлерге қол жеткізіп, жайлы баспананың игілігін сезінді. Бұл – халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған әлеуметтік саясаттың нақты нәтижесі. Алдағы кезеңде де қалада тұрғын үй құрылысы жалғасып, баспанаға зәру жандарды қамту жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырыла береді.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ