ДИКТОР: Есіл өзенінде аэрация жұмыстары жүргізілді. Бұл шара мұз астында оттегінің қалыпты болуын қамтамасыз ету мақсатында қолға алынып отыр. Шараға Есіл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы Астана филиалының мамандары, әуесқой балықшылар мен волонтерлер қатысты.

РКС: Аталған шара барысында 100-ге жуық ойық жасалды. Бұл ойықтар су астындағы тіршілік иелерін қажетті оттегімен қамтамасыз ету үшін қажет. Нәтижесінде суға қосымша оттегі жіберіліп, судағы тіршілік үшін қолайлы жағдай жасалды.

СНХ: НҰРЛАН КЕУЛІМЖАЕВ, ЕСІЛ ОБЛЫСАРАЛЫҚ БАССЕЙНДІК БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: Бүгінгі таңда Есіл өзенінде балық қорғау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Кислород жіберу, оттегі. Бүгінгі таңда бірлесіп атқарылып жатқан жұмыс әуесқой балықшылар мен еріктілердің арасында өткізіліп жатыр. Бұл іс-шара әрі қарай жалғасын табады.