ДИКТОР: Көкшетауда әйелдер арасындағы Ұлттық лиганың тұрақты маусымы аясында «Оқжетпес» баскетбол клубы павлодарлық «Ертіс» командасымен кездесті. Тұрақты чемпионатқа 7 команда қатысып жатыр. Маусым барысында әр команда 24 матчтан өткізеді. Ойын нәтижесіне сәйкес командалардың қорытынды көрсеткіштері анықталып, турнирлік кесте жасақталады.
РКС: Командалар бірінші кезеңнің ортасына дейін бір-біріне дес бермей, ойын тең дәрежеде өрбіді, есеп айырмасы да аз болды. Одан соң «Оқжетпес» құрамасы қарқынын күшейтіп, нәтижелі шабуылдардың арқасында алға шығып, алғашқы кезеңді 26:20 есебімен аяқтады. Көкшетаулық баскетболшылар екінші кезеңнің басында басымдығын 10 ұпайға дейін арттырды. Дегенмен павлодарлық «Ертіс» берілмей, есеп айырмасын қысқартты. Осылайша матчтың бірінші жартысы 41:37 есебімен қорытындыланды.
СНХ: АБАЙ АЛПАМЫСОВ, ҚАЗАҚСТАН БАСКЕТБОЛ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Бүгін осындай керемет кешенде болу біз үшін үлкен қуаныш. Баскетбол – көрермендер үшін өте қызықты және әсерлі ойын. Ал ойын болса ойын барысында өз шеберліктерін паш етіп, көрермендерге шынайы ләззат сыйлайды. «Оқжетпес» командасының ойыны өте серпінді әрі нәтижелері жоғары. Команда өткен жылғы Қазақстан Кубогында күміс медаль жеңіп алған. Сондай-ақ, команда құрамында Қазақстан ұлттық құрамасына үміткер төрт ойыншы қыз бар.
РКС: «Оқжетпес» баскетбол клубы 2021 жылдан бері ресми турнирлерде жүлделі орындарды еншілеп жүр. 2021-2022 жылғы маусымда команда Ұлттық лиганың күміс жүлдегері атанса, араға бір жыл салып жастар құрамалары арасындағы Қазақстан чемпионатында жеңімпаз болды. Клубтың соңғы жетістіктері қатарында Ұлттық лига маусымының қола жүлдесі мен былтыр өткен Қазақстан Республикасының Кубогында иеленген екінші орын бар. Команда құрамында Қазақстан ұлттық құрамасына үміткер ойыншылар ойын көрсетеді.
СНХ: КАМИЛА АМАНЖОЛОВА, «ОҚЖЕТПЕС» КОМАНДАСЫНЫҢ КАПИТАНЫ: Жарыстың ұйымдастырылуы керемет деңгейде өтті. Бізге бәрі ұнады: жаңа спорт залы, қалқандар мен сақиналар да өзімізге таныс, ыңғайлы әрі сенімді. Алдағы уақытта осы жерде жаттығып, өз ойындарымызды да өткізуді жалғастырамыз деп үміттенеміз.Қазір турнирлік кестеде екінші орында тұрмыз. Кейбір матчтарда ұтылғанымыз бар, бірақ жалпы есеп бойынша әлі де екінші позициядамыз. Тек «Astana Tigers» командасы ғана бізден алда тұр.
РКС: Матчтың екінші жартысында павлодарлық «Ертіс» алға шықты. Алайда «Оқжетпес» ойын тізгінін қайта қолға алып, кездесуді 64:53 есебімен аяқтады. Бұл жеңіс көкшетаулық ұжымға турнирлік кестеде 12 жеңіспен екінші орынға көтерілуге мүмкіндік берді. Айта кетейік, алдағы уақытта осы екі команда арасында тағы бір кездесу өтеді. Плей-офф кезеңі алдындағы қорытынды орындардың бөлінуіне әсер етуі мүмкін. «Тұран» мен «Атырау барыстары» командалары төртінші орын үшін таласуда. Командалардың алдағы туринир кестесінде орналасуы жақын күндері өтетін матчтардың нәтижесіне қарай айқындалады.
ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, КАРИНА СҮЛЕЙМАНОВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ