ДИКТОР: Кәсібилік жынысқа бөлінбейді. Мұны Ұлттық Ұланның Көкшетаудағы 55-те 10 әскери бөлімінде ерлермен иық тіресе қызмет етіп жүрген нәзік жандылар дәлелдеп келеді. Олар әскери міндетін ер азаматтармен тең дәрежеде орындап, қатаң тәртіпті сақтайды және маңызды тапсырмаларды атқарады. Солардың бірі – бөлімше бастығы Кенжегүл Малгелдинова.

РКС: Кенжегүл өз болашағын әскери қызметпен байланыстыруды бала кезінен армандаған. Осы саладағы қызметін құжат жүргізу маманы лауазымынан бастады. Уақыт өте келе құжат айналымын ұйымдастыру мен ресми құжаттармен жұмыс істеу дағдыларын терең меңгеріп, басшылық лауазымға көтерілген. Қазір құжат айналымын ұйымдастыру мен бақылауды жүзеге асырады.

 СНХ: КЕНЖЕГҮЛ МАЛГЕЛДИНОВА, 5510 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ БӨЛІМШЕ БАСТЫҒЫ: Менің лауазымдық міндеттеріме құжаттамалық қамтамасыз етудің толық циклі кіреді. Құпиялық режимді сақтау, қол астындағы қызметкерлердің жұмысын бақылау және де басшылықтан келген өкімдер, бұйрықтарды орындаушыларға жеткізу және олардың. Орындалу мерзімін қадағалау.

РКС: Әріптестері Кенжегүлді жауапты әрі білімді маман ретінде сипаттайды. Олардың айтуынша, ол жұмыстың барлық бөлшектеріне мұқият қарап, әріптестеріне қолдау көрсетеді және қызметтегі тәртіпті жоғары деңгейде ұстайды.

СНХ: ҒАНИ ЕРЕЖЕ, 5510 ӘСКЕРИ БӨЛІМІ ТӘРБИЕ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ БӨЛІМШЕСІНІҢ ОФИЦЕРІ: Кенжегүл – жауапты қызметкер. Мен оны қызметке кіріскен сәтінен бастап білемін. Осы уақыт ішінде ол өзін еңбексүйгіш, тиянақты маман ретінде көрсетті. Сонымен қатар, ұжымда да құрметке ие. Оған әрдайым кез келген мәселемен жүгінуге болады. Құжаттар бойынша да көмек көрсетіп, дұрыс бағыт-бағдар бере алады. Мен оны нағыз үлгілі маман деп айта алмын.

РКС: Тәжірибесі мен кәсібилігіне қарамастан көп ретте әскери қызметтегі әйелдердің ролі туралы таптаурын болған стереотиптер алдынан шығатынын да кейіпкеріміз жасырмады. Дегенмен, бұл мені өз жұмысымды одан әрі жоғары деңгейде, жауапкершілікпен орындауға ынталандырады», – дейді ол.

СНХ: КЕНЖЕГҮЛ МАЛГЕЛДИНОВА, 5510 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ БӨЛІМШЕ БАСТЫҒЫ: Стереотиптер барлық жерде бар. Бірақ менің ойымша, егер де сен өз қызметінің маманы болсаң, өзіңнің жұмысыңды жақсы білсең және әріптестеріңнің арасында оны дәлелдей білсең сені барлығы мойындайды және менімен болды. Менің ойымша, әр түрлі стресстік оқиғаларға төзімді болу, дайын болу, өзіңнің жеке өмірің мен қызметіңді ұштастыру, бірге алып жүру және де жоғары төзімділік және өз ісінің маманы болу сонда сені барлығы мойындайды.

РКС: Бүгінде әскери салада қызмет етуді таңдаған нәзік жандылардың саны көбейіп, табысқа жеткендері де аз емес. Кенжегүл Малгелдинованың тәжірибесі – кәсіпке адалдық, жауапкершілік пен еңбексүйгіштік кез келген салада табысқа жетудің басты кредосы екенін дәлелдеп үлгерген.

ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ