ДИКТОР: Өңірде отбасылық жанжалдар мен азаматтардың ізіне түсіп аңду жағдайларына қатысты құқық қорғау органдарына түсетін арыз-шағымдар саны артып отыр. Адамның жеке өміріне қол сұғуға қатысты құқық бұзушылық үшін кінәлі тұлғаларға қатысты әкімшілік қамауға алу немесе түзету жұмыстары сынды жазалар қолданылады. Жаңа құқықтық саясат психологиялық қысымның кез келген түрі, азаматтың жеке қауіпсіздігіне төнген тікелей қауіп ретінде қарастырады және ол жеке тұлғалардың арасындағы мәселе ретінде емес, қоғамдық қауіпсіздікке қатысты маңызды мәселе ретінде бағаланады. Мемлекет әрбір азаматтың құқығы мен қауіпсіздігін қорғауға кепілдік береді. Және әр қазақстандықтың жеке өмірі мен оның кеңістігі-мемлекеттің негізгі әрі басым құқықтарының бірі екенін ерекше атап өтуде.

РКС: Жүйелі түрде қудалау, еріктен тыс байланыс орнатуға тырысу, тіпті қалаусыз сыйлықтар жіберу сияқты әрекеттер сырт көзге зиянсыз болып көрінуі мүмкін. Алайда іс жүзінде мұндай әрекеттер «Сталкинг», яғни жүйелі қудалау деп аталады. Сталкерлер адамды күнделікті өмірде де, интернет желісінде де аңдуы мүмкін. Олар бұл әрекеттерді тоқтатуды сұрағанның өзінде, өтініштерді елемейді. Мұндай әрекеттер азаматтың жеке өміріне қол сұғу ретінде бағаланады. Өңірде аталған құқық бұзушылық бойынша қылмыстық істер тіркелген. Заңға сәйкес кінәлі тұлғаларға айыппұл салу, әкімшілік қамауға алу немесе түзеу жұмыстарына тарту сияқты жаза түрлері қарастырылған.

СНХ: МІНУАРА ЖОЛМАҒАНБЕТОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ: Сталкинг адамды заңсыз түрде жүйелі қудалау деген сөз. Ол аңду арқылы жәбірленушімен байланыс орнатуға бағытталған әрекет, кейде мұндай жағдайлар зорлық-зомбылықпен де ұштасуы мүмкін. Осындайда келесі сақтық шараларын сақтаған жөн. Қудалаушымен байланысқа түспеу, арандатушылық әрекеттерге жауап бермеу және дәлелдерді сақтау. Сондай-ақ, жеке ақпаратқа қолжетімділікті шектеу, қозғалыс бағытын өзгерту, я болмаса қажет болған жағдайда уақытша тұрғылықты жерді ауыстыру.

РКС:Аймақта «STOP-СТАЛКИНГ» акциясы аясында кездесулер мен форумдар өткізіледі. Шаралардың негізгі мақсаты жүйелі әрі орынсыз қудалау әрекеттерінің алдын алу және болдырмау. Полиция мамандарының мәліметінше былтыр облыста агрессивті қудалаудың 2 дерегі тіркелсе, биыл осындай 1 оқиға орын алған.

СНХ: МІНУАРА ЖОЛМАҒАНБЕТОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ: Бұл форум Ақмола облысында ақпанның 9-нан 27-не дейін жүрді. Бұл халық арасында қудалау және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға қатысты кеңінен ақпарат беруге бағытталған.

РКС: Азаматтарға сталкингтің белгілері туралы ақпарат беру қылмыспен күресудің тиімді жолы. Жүйелі қоңыраулар, хабарламалар жіберу, үй маңында немесе жұмыс орнының айналасында аңду, бұл жай ғана екі азаматтың арасындағы түсініспеушілік емес, бұл жиі қылмыстық жауапкершілікке ұлысатын құқық бұзушылық. Көкшетауда сталкинг бойынша іс қаралып сот өтті. Сот шешімімен кінәлі тұлғаға 100 сағат қоғамдық жұмыс тағайындалды. Сондай-ақ, сот құқық бұзушының мінез-құлқы бойынша талаптар қойып, жәбірленушіге кез-келген жақындауға ресми түрде тыйым салынды.

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, КАРИНА СҮЛЕЙМАНОВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ