ДИКТОР: Наурыздың 15-де өтетін референдумда Ақмола облысы бойынша 1400 тәуелсіз байқаушы дауыс берудің барысын бақылайды. Қазір оларды оқытып жатыр. «Дауыс» қоғамдық байқаушылар коалициясы» республикалық қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының өкілдері аймақтың барлық ауданына шығып, алдағы жұмыс барысын түсіндіруде.
РКС: Облыс аумағында 700-ден астам референдум учаскесі жасақталған. Референдум күні онда 1400 қоғамдық байқаушы болады. Олар дауыс берудің ашықтығын бақылайды. Қазір байқаушыларға құқықтары мен міндеттері жан-жақты түсіндірілуде. Сонымен бірге Қазақстан Республикасының заңнамаларымен, атап айтқанда «Сайлау туралы» Заңмен таныстыруда.
СНХ: ЕРЛАН ЗАКИРЬЯНОВ, «ДАУЫС» ҚОҒАМДЫҚ БАЙҚАУШЫЛАР КОАЛИЦИЯСЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Қазіргі уақытта біз бірнеше жұмыс атқардық, жұмыстарымыз көп. Ол ең бірінші мақсат біздің тікелей байқаушылармен қарым-қатынас, одан кейін оқыту, семинар, дәрістерін өткізу. Қазір жастар байқаушылар қызығып, осы біздің қатарымызға қосылып жатыр. Ең бірінші біз оқушыларымызға нұсқаулар береміз, төзімділік береміз, жолдама береміз, анықтама, үздік, сертификат береміз, соның бәрін береміз, олар сол қағаздарымен, құжаттарымен тіркесіп тіркеледі.
РКС: Аккредитация алғаннан кейін олар жеке басын куәландыратын құжатын және ұйымнан берілген жолдаманы көрсетіп, учаскелік комиссия төрағасында тіркеуден өтуі тиіс.Содан кейін барып қана байқаушы өз жұмысына кірісе алады.
СНХ: ЕРЛАН ЗАКИРЬЯНОВ, «ДАУЫС» ҚОҒАМДЫҚ БАЙҚАУШЫЛАР КОАЛИЦИЯСЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Біздің мақсатымыз сайлау болсын, референдум болсын, әділетті болып, екіншісі заңға қайшылық жасамау. Енді әр байқаушылардың қолдарында жадынамалары бар, сол құжаттарда бәрі жазулы, бар өкілдері қалай жасау керек, қалай толтыру керек, заңға қайшылық болдыртса, оны қалай мәміле берумен жасайды.
РКС: Жуыр арада «Дауыс» қоғамдық байқаушылар коалициясы» республикалық қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының өкілдері аймақтың бірнеше ауданына бармақшы. Байқаушылар референду және сайлау туралы заң нормаларын жақсы білуі тиіс.
ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ