ДИКТОР: Ақмола облысында тегін стоматологиялық көмекті алу тұрғындар үшін оңай болмай тұр. Биыл тіс емдеуге бағытталған 99 млн теңге игерусіз қалды. Ал, өткен жылы өңірдің медициналық ұйымдарына бөлінген 2,4 миллиард теңге кәдеге жаратылмай, мемлекетке кері қайтарылды. Міндетті әлеуметтік сақтандыру бойынша бөлінген қаражаттың өңірде толыққанды игерілуіне не кедергі?! Бибінұр Әмірханқызы анықтап көрді.
РКС: Биыл облыс бойынша 5 жекеменшік стоматология мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру бойынша қызмет көрсетуден бас тартты. Салдарынан емханалардағы тіс емдеу кабинеттерінің жүктемесі көбейді. Жұрт тегін қызмет алу үшін енді апталап кезек күтуге мәжбүр.
СНХ: ДИАНА БАЙМҰҚАН, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Біз мемлекеттік сақтандыру төлегеннен кейін жеке стоматологиялардың қабылдағаны дұрыс деп ойлаймын. Негізі осы поликлиникада да қабылдайды. Стоматология жақсы. Бірақ біз мемлекеттік сақтандыру төлегеннен кейін частный стоматологиялардың конкурсқа қатысқанын қалаушы едім, Очередь болмайды, сапасы да жақсы.
СНХ: ӘЛИЯ ОРАЗАЛИНА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Жеке стоматологиялардың конкурстан бас тартқаны бізге ұнамайды. Неге десеңіз олардың істеген жұмысы сапалы. Біздің немерелеріміз, келіндеріміз бар аяғы ауыр. Олардың жеке стоматологияға көрінгенін ұнатушы едік. Енді мынау поликлиниканың жұмысы, сапасы жеке стоматологиядан төмендеу деп ойлаймыз.
РКС:Бүгінде Көкшетау бойынша балалар мен жүкті әйелдер үшін 4 стоматологиялық кабинет тегін қызмет көрсетеді. Облыс бойынша олардың саны 22. Күніне 15-20 бала қабылдайтын стоматолог дәрігерлер тісі қақсап келгендердің де ұзын-сонар кезек күтуіне тура келетінін айтады.
СНХ: АЙГҮЛ ЕСЕНЖОЛОВА, СТОМАТОЛОГ ДӘРІГЕР: Тіс жегішпен келеді, кариеспен келеді пульпид көп уақыт алады. Екі-үш қабылдауда емдейміз. Жазушылар саны көп. Өйткені, жазыла алмай қалған кісілер жоғары жақты комиссия бар, сол кісілерге барып, «почему прием ограничен» дейді. Олар тексереді,түсіндіріп айтамыз. Жарты сағат сайын пациент бар.
РКС: Ақмола облысы бойынша бүгінде 200-ге жуық дәрігер жетіспейді. Оның ішінде 4 балалар стоматологы қажет. Бұл міндетті әлеуметтік сақтандыру бойынша бөлінген қаржының тиімді игерілуіне кедергі,-дейді сала басшылары. Менеджментьің дұрыс жолға қойылмағаны тағы бар.
СНХ: ТАЛҒАТ ТҰРМАҒАНБЕТ, «МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫ» ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Негізгі игерілмеген лоттар стационар, соның ішінде ауылдық жерлерге стационарлық көмек, реабилитация, стоматологиялық көмектер. Осы көмектер бойынша үлкен қаражат 2,4 млрд теңге игерілмей қалды. Оның себебі әр түрлі. Біріншіден, медициналық ұйымдардың басшылары инфраструктурасы дайын емес. Сонымен дәрігерлердің жетіспеушілігі деген.
РКС: Биыл міндетті әлеуметтік сақтандыру қорымен облыс бойынша 58 медициналық ұйым келісімшартқа отырды. Бұл былтырғыға қарағанда әлдеқайда аз. Ал бөлінген қаражат 14 пайызға көп. Яғни, былтыр өңірге 89,5 миллиард теңге бөлінсе, биыл 96 миллиардқа жуық қаражат бағытталған.
БИБІНҰР ӘМІРХАНҚЫЗЫ, ДАНИЯР ЖҰМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ