ДИКТОР: Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында әр мекеме ұжымы өздерінде қызмет ететін нәзік жан иелеріне тосын сыйлар жасап жатыр. «Көкшетау-Энерго» серіктестігінің ерлер қауымы әріптестерін Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма тетрына шақырып, құрмет көрсетті.
РКС: Театр фойесінде шын жүректен жасалған сыйлықтар мен құшақ-құшақ гүлдер әйелдерге мерекелік көңіл-күй сыйлап жатты. Оларды ерлер қауымы асқан ілтипатпен қарсы алып, төрге оздырды. Көктемді қанатына ілестіре келетін осы жайдары да жарқын мерекенің нәзік жан иелерінің жүрегін толқытатыны рас. Қызметін мінсіз атқарып қана қоймай, отбасының ұйытқысы, шаңырақтың шаттығы бола білген жандарға құрмет те ерекше.
СНХ ГҮЛМИРА ЖОЛДАСОВА, ЗАҢГЕРЛІК БАСҚАРМА БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Иә, бүгінгі таңда Қазақстанда әйелдер адамдар барлық салаларда жұмыс істейді. Мамандық таңдауда оларға шектеу жоқ. Энергетика саласында көптеген әйел адамдар ер адамдармен қатар электр монтер болып та, диспетчерлік, техникалық қызметті де атқаратын қыз-келіншектеріміз бар.бүгінгі мерекені пайдалана отырып, өз ұжымдастарымды халықаралық әйелдер күнгі көктемнің мерекесімен құттықтағым келеді, бәріне денсаулық, отбастарына береке, еңбекте абыройлы болса, бәрі де орындалады деп ойлаймын.
РКС: «Көкшетау -Энерго» серіктестігінде 2 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Оның 30 пайызы әйелдер. Ер азаматтармен қанаттаса еңбек етіп жатқан нәзік жан иелері қажырлы да қайсар мінездерімен ерекшеленеді,-дейді әріптестері.
СНХ НҰРЛАН ЖҮНІСОВ, «КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІ» БӨЛІМШЕСІНІҢ БАС ИНЖЕНЕРІ: Бүгін міне көктемнің алғашқы күні әйелдер қауымына арналған іс-шара өтіп жатыр. Біздің мекеме басшысының қолдауымен. Бүгінгі таңда бізде әйелдер қауымы үлкен қызмет атқарады. Ерлер қауымы қандай жұмыс істеп жатса, сондай жұмыстарды бізде әйелдер қауымы атқаруда. Алдағы уақытта мекемемізді үлкен жетістіктер күтіп тұр.Соған біздің әйелдер қауымы үлкен үлес қосады деген ойдамын.
РКС: Энергетика саласының қыз-келіншектеріне театр ұжымы «Алтын қақпа» комедиясын ұсынып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Жайдары да жарқын мерекемен мекеме басшысы Досымхан Аралбаев құттықтап, табыстар тіледі.
ГӘККУ АСЫЛБЕКҚЫЗЫ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ