ДИКТОР: Наурыздың 7-сінде футболдан Қазақстан Премьер-лигасының жаңа маусымы басталады. Биыл чемпиондық атақ үшін елдің 15 өңірінен 16 футбол клубы өзара бақ сынамақ. Чемпионатты ашу құрметі көкшетаулық «Оқжетпес» командасына берілді. Олар ертең Семей қаласының «Елімай» командасын өз алаңында қарсы алады. Маусым басталар алдында клуб құрамасы жаңарып, ойыншылар жанкүйерлермен жүздесті. Бұл кездесу сонымен қатар жаңа Конституцияны қолдауға бағытталған мәдени іс-шара аясында өтті.

РКС: «Оқжетпес» үшін биылғы маусымның маңызы ерекше. Жетпіс жылға жуық тарихы бар клуб жаңарған құраммен және жаңа жігермен алаңға шығуға әзір. Чемпионат басталар алдында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов командаға табыс тілеп, «Оқжетпес» клубының өңір спортын дамытудағы ролі зор екенін атап өтті. Бүгінде Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес елде футбол индустриясының жаңа үлгісі қалыптасып жатыр. Бұл өзгерістер де командалардың дамуына тың серпін беруде.

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Бұл құжат ертең еліміздің дамуына, ертеңгі болашағамызға болжам жасауға, өйткені бұл құжатта аяғына нық тұрған егемен Қазақстанның құжаты деп айтуға болады. Бүгінгі спорт ол да бір еліміздің бір бөлшегі. Өйткені Конституциямызда бекітілгендей біздің азаматтарымыздың денсаулығы мәселесі, тұрмыс жағдайы, әлеуметтік жағдайы бәрі сол құжатта көрсетілген. Сондықтан бүгін тұспа-тұс үлкен өзгерістермен бізде де кішігірім «Оқжетпес» клубының басқару моделі өзгеріп жатыр. Бүгін міне, халық жиналып, ақ жол деп жатыр біздің сүйікті командамызға. Бүгінгі көріп жатқан жетістік – ол біздің Президенттің үлкен саясатының көрінісі.

РКС: «Оқжетпес» футбол клубының жаңарған құрамын таныстыру рәсіміне қала тұрғындары мен қонақтары көптеп жиналды. Жанкүйерлер командаға жаңадан келген ойыншылармен танысып, оларды жылы қабылдады, алдағы маусымда сәттілік тіледі. Сонымен қатар, шараға қатысушылар жаңа Конституция жобасына байланысты наурыздың 15-де өтетін референдумға қолдау білдірді. Кездесу барысында ерекше рух, бірлік пен командаға және елдің болашағына деген үлкен сенім сезілді. Жаңа маусымда командаға өңірдің аграрлық саласы да қолдау көрсетпек. Ауыл шаруашылығы саласының өкілдері осы мақсатта арнайы қоғамдық қор құрды. Қолдау белгісі ретінде клубқа жаңа автобус табысталды.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Команда сапында ақмолалық 8 ойыншы бар. Маусымаралық уақытта футболшылар Түркия елінде оқу-жаттығу жиындарын өткізіп, жаңа маусымға жан-жақты дайындық жүргізді. Қазір клуб құрамында 16 ресми ойыншы бар, оның бесеуі – легионер. Чемпионат басталғанға дейін команда сапын 25 ойыншыға дейін толықтыру жоспарланып отыр.

СНХ: ТОҚТАР ЖАНҒЫЛЫШБАЙ, «ОҚЖЕТПЕС» ФУТБОЛ КОМАНДАСЫНЫҢ ШАБУЫЛШЫСЫ: Біздің командаға келетін болсақ, Қазақстанның премьер лигасында менің ойымша ең бір жас құрамалардың бірі. Бізде алда қойған мақсаттарымыз бар. Жастардың және біз сияқты мына опытный жігіттердің арқасында біз алға қойған мақсаттарымызға жетеміз деген үміттемін. Настрой өте жақсы. Көңіл күй керемет. Біз күтіп жатырмыз сезонның басталуын. Біз үшін өте қызық бірінші ойын, қалай ойнайтынымыз. Әрине біз үйдегі стадионда ойнайтын болғаннан кейін біз барымызды саламыз. Және көргендеріңіздей қаншама жанкүйерлер келді бізді қолдауға. Сол жанкүйерлерді жерге қаратпай, барымызды салып, жеңіске жетуге ұмтыламыз.

РКС: Көкшетаулық футбол командасының жаңа құрамын таныстыру рәсіміне ерекше қонақ ретінде Португалиядан келген әнші Лара Алейшо қатысты. Ол қазақ тілінде «Толқиды теңіз» әнін орындап, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Әншінің айтуынша, ол қазақ тілі мен қазақ халқының мәдениетіне үлкен құрметпен әрі сүйіспеншілікпен қарайды. Сонымен қатар, Лара Алейшо енді «Оқжетпес» футбол клубының амбассадоры атанды.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Ал ертең көкшетаулық команда семейлік «Елімай» клубымен кездеседі. Жанкүйерлер жаңа маусымнан зор нәтиже күтуде.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, САНЖАР НҰРСЕЙІТОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ