ДИКТОР: Аэрация суда еріген оттегіні көбейту және судың сапасын жақсарту мақсатында қолданылатын процесс. Өзен-көлдерді аэрациялау су экожүйесін тұрақтандыруға, ластануды азайтуға және балық шаруашылығы үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған. Тілшіміз Евгений Варанкин баяндайды.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Көкшетау ауданаралық аңшылар мен балықшылар қоғамына тиесілі 5 су айдыны бар. Бүгінде Зеренді ауданындағы Құмдыкөл көлінде судың сапасын арттыру мақсатында аэрация жобасы іске қосылды. Бұл процесс суды оттегімен байытып, оның түрлі зиянды газдар мен элементтерден тазаруына мүмкіндік береді.
СНХ: НҰРЛАН ТӨЛЕГЕН, ОБЛЫСТЫҚ БАЛЫҚ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: Қазіргі таңда арнайы мотопомпалармен су айдындарын оттегімен байыту жұмыстары жүргізілуде. Бұл акция қыс мерзімінің соңына дейін жүргізіледі. Сонымен қатар бұл акция бүкіл Ақмола облысының су айдындарында жүргізілуде.
РКС: Оттегі су айдынындағы тірі ағзалардың тыныс алуы үшін ғана емес, сондай-ақ органикалық заттардың ыдырауы үшін де қажет. Аэрация мәселесі әсіресе мұз үстіндегі қардың қалың болған кезінде өзекті. Қазір аэрация шараларына екі мотопомпа және балықшылар қоғамының 10-ға жуық қызметкері жұмылдырылды.
СНХ: ДМИТРИЙ ЯСТРЕМСКИЙ, АУДАНАРАЛЫҚ ҚОРЫҚШЫЛАР МЕН БАЛЫҚШЫЛАР ҚОҒАМЫ КӨКШЕТАУ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ АҒА ҚОРЫҚШЫСЫ: Қыстың соңында және көктемнің басында су айдындарында оттегі тапшылығы пайда болады, бұл түрлі ауруларға және тіпті балықтың өліміне әкелуі мүмкін. Осыған байланысты Көкшетау ауданаралық қоғамы бекітілген көлдерде аурулардың және балық қырылуының алдын алу үшін су айдындарын помпалар көмегімен аэрациялап отырады. Сол сәтте оттегімен қанығады, екіншіден жағымсыз иіс жойылады, бұл судың балдырлануының алдын алады.
РКС: Облыс аумағында 500-ге жуық су айдыны бар. Аэрация жұмысы тек қар еріген сәтте ғана аяқталады. Сондықтан бұл процесс қазір балық инспекциясы басшылығының ерекше бақылауында.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ