ДИКТОР: Ақмола облысында мектеп жанындағы музейлерде 28 мыңнан астам құнды жәдігер сақтаулы. Оның басым бөлігін оқушылар археологиялық қазба жұмыстары кезінде тапқан. Экспонаттардың арасында қола кезеңі мен тас дәуіріне тиесілі қыш ыдыстар мен соғыс қарулары бар.

ЕСТ.ШУМ:

РКС: Серік Ысқақов тарих сабағын осылай мектеп ішіндегі музейде өткізеді. Тың тәсіл оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы мен құлшынысын арттырады, - дейді ұстаз. Тіпті, мұражай ішіндегі экспозицияны өз қаражатына жасатқан.

СНХ: СЕРІК ЫСҚАҚОВ, ТАРИХ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ: Бұл жерде тиімділігі сабақты оқи отырып бала қыш ыдыстардың немесе көне жәдіргерлердің қасында отырып көзбен көре алады. Яғни, оны қолдарымен қола дәуірі деп айтып жатсам, қола жәдігерлері жайлы айтқан кезде балалардың алдарына мысал ретінде көрсете алам. Яғни, бұл көрнекілік ретінде көрсетіледі.

РКС: Археологиялық музей жыл басында ашылған. Қазір мұнда 50-ге тарта жәдігер бар. Оның бәрін тарихшы қазба жұмыстары кезінде тапқан.

СНХ: СЕРІК ЫСҚАҚОВ, ТАРИХ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ: Құнды жәдігерлер жанағы ол қоладан жасалған айбалталар. Яғни, заманымен айтар болсақ 4 мың бұрынғы жылғы жәдігерлер. Яғни, мыс пен қалайының қосындысынан пайда болған. Сонымен қатар, ер адамдардың қанжарлары табылғанын айтып кетуге болады.

РКС: Білім ордасында музейден бөлек, жас археологтар клубы құрылған. Қазір оған жиырмаға жуық бала тіркеліпті. Олар алдағы уақытта археологиялы қазба жұмысына қатысуды көздейді.

СНХ: ӘЛИДАР ҚАДЫРӘЛІ, ОҚУШЫ: Ағаймен бірге археологиялық экспедицияға қатысқым келеді. Себебі, маған Қазақстан тарихы сабағы өте қызық. Осы сабақта біз өзіміздің ата-бабамыздың даму кезеңін түсінеміз.

РКС: Қазір өңірдегі білім ұйымдарында 158 музей бар. Оның 120-сы өлкетану бағытында жұмыс істейді. Тарихқа бет бұрған балғындарды ынталандыру мақсатында жыл сайын түрлі шаралар ұйымдастырылады.

СНХ: ГҮЛМИРА ТӘШІМОВА, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ ОРТАЛЫҚ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Оқушылар мен студенттер арасында жас тарихшылар, өлкетанушылар форумы өтеді. Сонымен қатар, облыстық мұражайлар байқауы, археологиялық қазба жұмыстары, экосаяхат, туризм және қауіпсіздік іс-шаралары өткізіледі. Аталған іс-шаралар барысында өз көзқарастарын, идеяларын, ұсынымдарын жоғары дәрежеде көрсете алады.

РКС: Сала мамандары осындай музейлердің көбейіп жатқанын айтады. Мысалы биылдың өзінде мектеп жанынан 3 мұражай ашылды. Дегенмен оларға мемлекеттен қолдау көрсетілмейді. Сол себепті оқушылар арнайы ұйымдастырылатын экпедицияларда жәдігер тауып, музей қорын өздері толықтыруға мәжбүр.

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ