ДИКТОР: Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында Көкшетаудағы қылқалам шеберлерінің «Көктем әуені» шығармашылық көрмесі ашылды. Оған 12 автордың әр жылдары картина арқылы бейнеленген туындылары қойылған.

РКС: Көрмеде Қазақстан Суретшілер Одағына енген жергілікті шеберлердің жұмыстары көрініс тапқан. Аталған жоба өңірлік нәзік жанды қылқалам шеберлерінің шығармашылығын танымал етуге және заманауи кескіндемеге жұртшылықтың қызығушылығын дамытуды мақсат етіп отыр.

СНХ: НҰРБЕК НҰРАЛЫ, ОБЛЫСТЫҚ ӘДЕБИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР МУЗЕЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Бұл көрменің мақсаты бұл кісілердің осындай үлкен еңбектерін, маңдай терлері төгіліп, түн ұйқысын төрт бөліп жасаған туындыларын елімізге, халқымызға, облыс жұртшылығына, қонақтарға көрсету, таныстыру, насихаттау, бұл кісілердің еңбегін осындай үлкен өздерінің төл мерекесі кезінде осы кісілердің өзіне сый қылып тарту. Сондықтан да, бүгінгі көрмемізде көпшілігі авторлары әйел ханымдар.

РКС: Экспозиция кескіндеме мен графиканың түрлі техникасындағы жұмыстарды біріктірген. Авторлардың қатарында Наталья Булгакова да бар. Ол өзінің екі картиасын ұсынған.

СНХ: НАТАЛЬЯ БУЛГАКОВА, ҚР СУРЕТШІЛЕР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ: Көкшетау қаласының барлық тұрғынын қылқалам шеберлерінің туындыларымен танысуға шақырамын. Бұл көрмені есепті кезең деп атасақ та болатын шығар. Әр шебер өзінің шығармасының көрерменге жеткенін қалайды ғой.

РКС: Көрме бұған дейін республикалық экспозицияларға қойылған жұмыстармен қатар жаңа туындыларды біріктірген. Көкшетаудың қылқалам шеберлері көктемнің жаңаруына арналған және 8 наурыз тақырыбын бейнелеген түрлі техникамен орындалған шығармалар топтамасын ұсынып отыр. Авторлар табиғат, үйлесім мен сұлулықты қылқалам арқылы картина етіп жасаған.

СНХ: ЮРИЙ ПОПОВ, ҚР СУРЕТШІЛЕР ОДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Бұл жерде суретшілердің әр кезеңдегі туындылары қойылған. Барлық қылқалам шебері Халықаралық әйелдер мерекесіне арналған көрмені ұйымдастыруға қолдау білдірді. Республикалық көрмелерге қойылған көптеген жұмыстары осы жерде көрініс тапқан.

РКС: Экспозиция наурыз мерекелері бойы жалғасады. Осы уақыт аралығында жергілікті шеберлердің жұмысы қойылған көрмені кез келген адам тамашалай алады.

ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, КАРИНА СУЛЕЙМАНОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ