ДИКТОР: Бүгін аймақ басшысы Марат Ахметжанов қыз-келіншектерді көктемнің алғашқы шуағымен келген мереке - Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады. Салтанатты жиында аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрген бір топ ару мемлекеттік наградалармен және Алғыс хаттармен марапатталды. Алтын құрсақты бір топ ананың кеудесіне Алтын алқа мен күміс алқа төсбелгісі тағылды.