ДИКТОР: Облыстық перинаталдық орталықтың дәрігер-акушері Елена Обрядова медицина саласында 34 жылдан бері еңбек етіп келеді. Саналы ғұмырын осы салаға арнаған жан. Елена Обрядова - тәжірибелі маман ғана емес, жас қызметкерлерге жақсы тәлімгер де бола білуде.
РКС: Елена Обрядова Көкшетау қаласындағы медициналық училищені бітірген. 1992 жылы алғашқы еңбек жолын перзентханада бастады. Жұмысқа шыққан алғашқы күні оны яғни тәжірибе мен дайындығы жоқ маман жауапты істі атқарады.
СНХ: ЕЛЕНА ОБРЯДОВА, АКУШЕР: Бірден, алғашқы күні нәрестенің өмірге келген сәтінің куәсі болдым. Тәжірибесіз, ештеңеден қорықпай қабылдадым. Бір кезде, кішкентай адамның осы әлемге аман есен келуіне жәрдем жасағаныңды сезінгенде тұла бойымды мақтаныш сезім биледі.
РКС: Акушер мамандығы - бұл өзге адамдардың өмірі үшін жауапкершілік, әйел ананың қиналған сәтінде аса мұқият болып, барынша көмек көрсету. Елена Обрядова акушерлікте бәрі де болады, бірақ тәжірибе мен шыдамдылық нәрестенің жарық дүние есігін алаңсыз ашуына көмектеседі, - дейді.
СНХ: ЕЛЕНА ОБРЯДОВА, АКУШЕР: Әр әйелдің босануы әр түрлі болады. Кейбір аналар жеңіл босанады. Баланың басы шығып, иықтары шықпай әбігерге салатын ауыр сәттер де болады. Бұл иықтардың дистозиясы деп аталады, сол кезде барынша көмектесуге тура келеді. Бұл жерде ештеңеге қарамайсың, баланы қалайда аман есен алып шығу үшін барынды саласың.
РКС: Кейіпкеріміз бүгінде перзентханада жұмыс істеп, тәжірибесімен жас мамандармен бөлісуде. Облыс аумағындағы көптеген сәбидің өмірге келуіне себепкер дәрігер әлі де жұмыстан қол үзген жоқ.
СНХ: ДАРЬЯ ЛЮБЧЕНКО, АКУШЕР: Мен осы ұжымға тәжірибеден өтуге келгенде аға акушер Валентина Николаевна: «Кетпе, жұмысқа қал», - деді. Ол бізді жұмысты тастап кете ме деп қорықты. Осында жұмысқа қаламын деп Елена Александровна бірінші болып айтты. Мен ойланып, жұмысқа қаламын деп шешім қабылдадым. Елена өте мейірімді адам. Бірінші кезекте ол кез келген жүктемеге қарамастан, әрқашан көмек көрсетуге дайын тұрады.
РКС: Перинаталдық орталықта акушерлер босанатын әйелге тек медициналық қызметкер ғана емес, оны тыныштандырып, бойларына сенімділік пен батылдық ұялататын адам болуға тырысады.
МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, АЛМАС САДУАҚАСОВ, САНЖАР НҮРПЕЙІСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.