ДИКТОР: Енді тұрғын үй үлескерлері алаңсыз бола алады, себебі олардың мүддесі мемлекет тарапынан қорғалады. Көкшетауда «Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» мен «Ademi Holding» құрылыс компаниясы арасында маңызды меморандумға қол қойылды. Аталмыш құжат үлескерлердің құқықтарын қорғауға кепілдік береді. Тілшіміз Жанар Мұқышева жалғастырады.

ИНТЕРШУМ: РКС: Үлестік құрылыс - тұрғын үй алудың қолжетімді әрі тиімді тетігі. Дегенмен, сақалды құрылыс салдарынан көптеген азамат жылдар бойы баспанасын күтуге мәжбүр болғаны да жасырын емес. Бүгінде бұл тәуекелдерді азайту мақсатында елімізде «Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» бірыңғай оператор ретінде шешуші роль атқарып отыр. Бұл енді үлескерлердің әр теңгесі мемлекет бақылауында болады деген сөз.

СНХ: АЛТАЙ КҮЗДІБАЕВ, «ҚАЗАҚСТАН ТҰРҒЫН ҮЙ КОМПАНИЯСЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ: Біріншіден - үлескерлердің құқығы мен қаржылық мүддесін қорғалады. Жасалған шарттардың барлығы Қазреестр жүйесінде түрде тіркеледі. Соның нәтижесінде әр үлескердің есебі орталықтандырылып, құқықтарының қорғалуы толық мемлекет бақылауына алынады. Сондай-ақ, үлескер құрылыс барысында немесе тұрғын үй пайдалануға берілгеннен кейін өзінің заңды үлесін қайта сата алады. Үшіншіден - егер құрылыс компаниясы нысанды уақытында аяқтай алмаса, банкроттық қаупіне ұшыраса немесе үлескерлер қаржысының мақсатсыз жұмсалғаны дәлелденсе, онда мемлекеттік кепілдік жағдайы жарияланады. Бұл кезде «Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» құрылысты өз қаражаты есебінен толық аяқтап, тұрғын үйдің міндетті түрде тапсырылуын қамтамасыз етеді.

РКС: Тағы бір айта кететін жайт, бұл жағдайда пәтер бағасы бастапқыда белгіленген деңгейде сақталады. Ал мемлекеттік кепілдік белгіленген талаптарға сай құрылыс компанияларына ғана беріледі. Бүгінде 2017 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан «Ademi Holding» серіктестігі нарықта өзін сенімді құрылыс компаниясы ретінде танытып үлгерді.

СНХ: БАҚЫТБЕК ОСПАНБЕКОВ, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК СӘУЛЕТ-ҚҰРЫЛЫС БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: «Ademi Holding» Көкшетау қаласында бірнеше тұрғын үй нысанын салып, іске асырумен айналысып келеді. Бүгін компания бірыңғай оператор – «Қазақстандық тұрғын үй компаниясының» мемлекеттік кепілдігін ресми түрде алды. Бұл кепілдік сатып алушылар үшін толық сенімділік пен қаржылық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Яғни, салынып жатқан үйлерден пәтер алғысы келетін азаматтар өз қаражатының сақталуына сенімді бола алады. Яғни, құрылыс толық заңды түрде жүргізіледі, ал үлескерлердің құқықтары мемлекеттік бақылауға алынады.

РКС: Аталған жүйе өңірдегі әлеуметтік тұрақтылықты нығайтып, тұрғын үй нарығының ашық әрі өркениетті дамуына серпін беретіні сөзсіз.

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ