ДИКТОР: 2030 жылға дейін Қазақстанда 5 мың шақырым темір жол салынып, жаңғыртылады және қолданыстағы шойын жолды жөндеу екі есе ұлғаяды. Бұл туралы Президент «Turkistan» газетіне берген сұхбатында айтты. Ақмола облысындағы жүк тасымалы жалпы көлемінің жартысынан астамы темір жол көлігіне тиесілі. Аймақ логистиканың қандай бағыттарын дамытады? Тілшіміз баяндасын.

РКС: Қазақстан аумағы арқылы 5 халықаралық темір жол көлік дәлізі өтеді. Осы сала инфрақұрылымының маңызды бөлігі - «Аршпал» зауыты - Аршалы ауданындағы ең көне кәсіпорын. Мұнда елімізде сұранысқа ие темір-бетон заттары, нақтырақ айтсақ шпалдар шығарылады. Қазір компания жұмысын жаңғыртып, әр тараптандыруда. Мұнда жабдықтар жөнделіп, жаңа станоктар жеткізілуде. Завод қуаттылығы артып, жұмыс орындарының саны да ұлғаюда. Өндіріске едәуір инвестиция құйылады, себебі орналасқан жері, үлкен аумағы және өзінің темір жол тұйығы есебінен кәсіпорынның экспорт үшін де, ішкі нарықта да әлеуеті зор.

СНХ: ДІНМҰХАМЕД КУЗИЕВ, КОМПАНИЯ ТОБЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Біз экспортқа жұмыс істейтіндіктен, орналасқан жері керемет. Біз шпалды оңтүстіктен Ресейге экспорттай алмадық. Ал қазір, шекараның жақын орналасуына байланысты біз осы жерден бекіткіші бар шпалды экспорттай аламыз. BENT компаниясы - түрлі типтегі темір бетон шпалдарын шығаратын Қазақстандағы ірі зауыт. Біз 11 түрлі марканы қоса алғанда, 1 миллионға жуық шпал шығарамыз

РКС: Аймақ өзінің логистикалық әлеуетін дамытуды жалғастыруда. Өткен жылдың қорытындысы бойынша өңірдегі көлік саласы арқылы 315 миллиард теңгенің жүгі мен жолаушылары тасымалданды.

ИНФОГРАФИКА: Көлік кірісі шамамен 8%-ке өсті. Бұған автокөлікпен тасымалдау көлемінің, қойма және қосалқы көлік қызметінің, сондай-ақ темір жол жеткізілімдерінің ұлғаюына ықпал етті.

ИНФОГРАФИКА: КӨЛІК ЖӘНЕ ҚОЙМА

             КӨЛЕМІ: 315 млрд. тенге

             КӨЛІК КІРІСІ 7,8%

ЖҮК: 104,1 млн. тонн 11,7% ТЕМІРЖОЛ ЖҮГІ: 3,3%

ЖОЛАУШЫЛАР: 32 млн. АДАМ 14,1%

РКС: Ақмола облысы көлік инфрақұрылымын жаңғырту есебінен экономикалық дамуға арқа сүйейді. Мұнда автомобиль жолдары желісі дамыған. Өткен жылы «Орталық-Батыс» автомагистралінің құрылысы басталды, ол елордадан батыс облыстарға дейінгі жолды 500 километрге қысқартады. Осылайша, өңір стратегиялық маңызы бар міндетті орындайды, елдің транзиттік-логистикалық әлеуетін нығайтады.

СНХ: СӘУЛЕ ӨЗБЕРГЕНОВА, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СЕНЬОР-ЛЕКТОРЫ: Мемлекет басшысы атап өткендей, Қазақстан бірегей геопозицияға ие. Біз Еуразияның яғни, құрлықтың ортасында тұрамыз. Бұл біздің өте үлкен активіміз. Егер осы әлеуетті дамытатын болса, Қазақстан өзінің негізгі көлік торабының позициясын алдағы онжылдықтарға қарай нығайта алады. Қазірдің өзінде Қытайдан Еуропаға құрлықтағы жүктің 80 проценттен астамы Қазақстан арқылы өтеді. Осы саланы одан әрі дамыта отырып, Қазақстан жай ғана жүріп келе жатқан елден тоқтап, қайта жүктеп, буып-түйетін елге айналуы мүмкін.

РКС: Былтыр Қазақстан темір жолы магистральдық желісі Ақмола бөлімшесінің шекарасында 100 шақырымнан аса теміржол төсемі жаңартылды. Бұдан басқа, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының хабарлауынша, республикалық және жергілікті маңызы бар автожолдардың құрылысы мен жөндеуіне 120 миллиардтан аса қаражат жұмсалды. Осылайша, өңірде 900 шақырымға жуық шойынжол жаңартылды.

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.