ДИКТОР: «Чинсон» корей этномәдени орталығында көпшілік назарына қазақ халқының көне де құнды «Күн көрсету» және «Аманат» дәстүрлері ұсынылды. Көрермендер театрландырылған көрініс арқылы қазақтың ұмыт бола бастаған өзге де салт-дәстүрлердің терең мағынасына қанықты.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Қойылым барысында нәрестені алғаш күн шуағына шығару рәсімі сахналанды. Ата-ананың ақ тілегі, әлди әуені мен отбасы тәрбиесін сипаттайтын көріністер - қазақ халқының өмірлік ұстанымдарын айқын көрсетті.
СНХ: ҚАЙЫРЖАН МАҚЫШ, ТЕАТРЛАНДЫРЫЛҒАН ҚОЙЫЛЫМНЫҢ ҚАТЫСУШЫСЫ: Өзімде осындай дәстүрді көрсетүге қуаныштымын, ризамың. Бұл екі дәстүр «Күнге көрсету» табиғатымен таныстыру және Аманат, бұрында мен жәй естігенмін, оның қасиетін білген жоқпыз Чинсонға ризамыз елімізге, жұртымызға осындай екі бір дәстүр көрсеткен оның тәуелік мағынасын көрсеткен мында бір рахмет
РКС: Қойылымның келесі бөлімінде көрермендер «Аманат» рәсімі арқылы қазақ қоғамындағы отбасылық құндылықтар, үлкенге құрмет және ата салтқа адалдықтың мәнімен танысты.
СНХ: ОЛЬГА ЛЯН, «ЧИНСОН» КОРЕЙ ЭТНОМӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ: Бұл шара – жас буынның қазақ халқының бай мәдениетімен жақынырақ танысуына үлкен мүмкіндік. Ата-баба даналығын сахна арқылы көрсетіп, ұмыт бола бастаған салттардың қадірін түсіндіруді мақсат еттік. Ұйымдастыру жұмыстары биылғы жылдың үшінші тоқсанында басталды. Бүгінгі іс-шараға көпшіліктің қатысуы бізді қатты қуантты. Жалпы, мұндай мәдени кездесулерді біз тұрақты түрде өткізіп келеміз.
РКС: Мұндай шаралар ұлттық құндылықтарды дәріптеп қана қоймай, тарихи мұраға деген құрметті арттыруға ықпал ететіні сөзсіз.
РИЗА ЖҰПАРИЯ, ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ЖАНДОС САЙЛАУ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ