ДИКТОР: Облыс аумағында жілік соғу ойыны жанданып, жастар арасында бұқаралығы артты. Жақында жілік соғудан Ақмола облысының федерациясы құрылады. Осылайша ұлттық ойынды спорт түріне енгізбек. Кезекті чемпионат жақында Бурабай ауданында өтті. Тілші баяндасын.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Бурабай ауданында жілік соғу ойыны наурыз мерекесінен бастау алды. Күні бүгінге дейін әр ауыл ұйымдастырып, жеңімпаздар аудандық чемпионатқа іріктелді. Абылайхан ауылы ұйымдастырған Бурабай аудандық жілік соғу чемпионатына жеңімпаздардан құралған 19 команда жиналды.

СНХ: ҚУАНЫШ УӘЛИЕВ, АБЫЛАЙХАН АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Бұған да әдіс керек қой. Шыныққан спортшы мен шынықпаған спортшы екі түрлі ғой. Сол сияқты мұны да соғып үйрену керек. Дұрыс соға білмесең қолды жарақаттайсың. Барлығының өзінің әдісі болады. Шыныққан жастар міне білектерінің мықтылығын көрсетіп жатыр.

РКС: Бірінші айналымға 7 жілік қойылды. Ауылдарда өткен ойында білектің күштілігімен суырылып шыққан 40-қа жуық үміткер өзара кіл мықтыны анықтады.

СНХ: РУСТАМ ҒАЛЫМЖАНОВ, ҚЫМЫЗЫНАЙ АУЫЛЫНЫҢ ӨКІЛІ: Іріктеуден өтіп Абылайхан ауылына келіп, бірінші жілікті сындырдық. Полуфиналға өттік. Жақсы өтіп жатыр, жігіттердің білектері жақсы, алтыншы жілік сынды міне.

СНХ: ЕРҚАНАТ ТАУЫШЕВ, МӘДЕНИЕТ АУЫЛЫНЫҢ ӨКІЛІ: Міне бүгін керемет кеш өтіп жатыр. Біз Бурабай ауданына қарасты Мәдениет ауылынан келіп отырмыз. Бір командамыз іріктеуден өтіп, бірінші айналымнан полуфиналға өтті. Осындай сайыстардың көп болғанын қалаймыз.

РКС: Қазақтың көне ұлттық ойыны облыс аумағында жанданып келеді. Бұған дейін Сандықтау, Біржан сал аудандарында өткен, енді Степногорск қаласы мен Ақкөл ауданы ұйымдастырмақ.

СНХ: ОРЫНБАЙ ТЕМІРОВ, ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ: Бұл ұлттық ойын ғой. Соны көтеріп, дамытқан ойымыз бар. Федерация ашамыз, ұлттық спортқа аккредитация өтеміз. Ұлттық спортқа айналдырамыз ба деген ойымыз бар. Бұл көнеден келе жатқан дәстүріміз ғой. Ежелде батырлар жанжалын осылай жілік сындыру арқылы көрсетіп, шешіп кеткен дейді. Тарихты жаңғыртуға қосып жатқан бір тамшы үлесіміз.

РКС: Аудандық чемпионатта финалға 7 команда шығып, өзара бақ сынады. Мәдениет ауылынан келген команда Бурабай ауданының чемпионы атанды.

ИНТЕРШУМ:

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ