ДИКТОР: Жақсы ауданы мектептерінің оқушылары экологиялық мәселелерді шешуге бағытталған өз идеяларын ұсынды. Оның ішінде қоқысты бөліп жинау, пластикалық ластануды азайту және күнделікті өмірге экологиялық технологияларды енгізу. «Eco Project Fest» байқауына ауданның түкпір-түкпірінен 8 құрама қатысты.

РКС: «GreenMind» командасы Кировское ауылынан келіпті. Байқауда олар коммуналдық қызметтерге қоқыс жинау қажет орындарды көрсететін чат-бот жобасын таныстырды. Бір апта бойы оқушылар жетекшілерімен бірге жобаны жетілдіріп, толықтырды. Команда мүшелері бұл бастама ауданның тазалығына ықпал етеді деп сенеді.

СНХ: САНЖАР ҚУАНДЫҚОВ, «GREENMIND» ҚҰРАМАСЫНЫҢ МҮШЕСІ: Телеграмм бот бар адамдар мусорды түсіріп, ол геолокациясын қоя координат па, әлде жай фото адреспен, сосын ол точканы картада адамдар қарай алады және адамдар жинай алады.

РКС: Жобаларды аудан әкімдігі, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және құрылыс бөлімдерінің өкілдерінен құралған қазылар алқасы бағалады. Олар қатысушылардың дайындығы жоғары, ұсынылған идеялардың қызықты әрі практикалық тұрғыдан маңызды екенін атап өтті.

СНХ: ГАЛИНА ПИНЧУК, АУДАНДЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: Біз «Таза Қазақстан» акциясынан шабыт алдық. Бұл акция соңғы екі жыл бойы ел бойынша белсенді өтіп, еліміздің барлық өңірлерін қамтып келеді. Біз де шетте қалмауды жөн көрдік. Жастарымыз өте белсенді. Жобалар презентациясынан олардың экологиялық тұрғыдан сауатты, табиғатты қорғауға бағытталған және елімізде, соның ішінде ауданымызда экологиялық жағдайды жақсартуға ниетті екендері анық байқалды.

РКС: Шараға 14 пен 25 жас аралығындағы жастар қатыса алды. Байқау қорытындысы бойынша 1-ші орынды Запорожье ауылының «ReArt» командасы жеңіп алды. 2-ші орынды Жаңа Қима ауылынан келген «ЭкоПатруль» командасы иеленді. Ал 3-ші орынды Ишимское ауылының «Ишимские Эколята» командасы еншіледі.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ