ДИКТОР: Қазақстанның «Тілдер туралы» Заңында мемлекеттік тіл – қазақ тілі. Әрбір қазақстандық мемлекеттік тілді меңгеруі тиіс. Көкшетауда өзге этностар арасында «Қазақшаңыз қалай әріптес?» атты қалалық байқау өтті. Жарысқа шаһардағы мектептердің мұғалімдері және Красный Яр ауылынан келген педагог қатысты. Мерекелік шараны тамашалап келген тілші баяндасын.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Тілдік сайыс қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің онкүндігі аясында ұйымдастырылды. Көкшетау қалалық техникалық мектеп-лицейінің базасында өткен байқауға 8 ұстаз қатысты. Сайысқа орыс, белорусь, украин сияқты этнос өкілдері қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Шара мектептердегі ұстаздар арасында қазақ тілін меңгеру үдерісін жандандыра түспек. Сонымен бірге қатысушылардың тілдік құзыретін бағалау және олардың қазақ тілінде еркін әрі сенімді коммуникация жүргізу қабілетін қалыптастыруды көздейді.
СНХ: КҮЛЖИЯН БАЙБАҚОВА, ТЕХНИКАЛЫҚ МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ МҰҒАЛІМІ: Бұл іс-шараны мен бұрынғы техникалық кішкентай мектебіміз болғанда мектепішілік өткізіп, 22-23 жылдары бастаған болатынмын. Онда біздің мектебіміздің әдістеме бірлестіктерінің өзге ұлт ұстаздарымыз біздің қатысып, ұнағаннан кейін 24 жылдары мен осы қала мектептеріне көрсетсек екен, қала мектептерін сөйлетсем екен, қатыстырсам екен деген ой келді. 24 жылы бірінші рет қалалық сайысымызды өткіздік.
РКС: 6 кезеңдік байқауда алдымен қатысушылар өзін таныстырып, берілген шашыраңқы сөздерден дұрыс сөйлем құрауы керек болды. Сұрақ-жауап бөлімінде бес сұраққа жауап берді. Үшінші кезеңде қатысушылар қазақ халқының кез келген салт-дәстүрін мазмұнды түрде баяндап, ұлттық құндылықтарға деген өз түсінігін жеткізсе, қорытынды кезеңде қазақша ән орындап, сахнаның шырайын аша түсті. Бұл бөлім қатысушылардың қазақ тіліне деген құрметі мен ұлттық мәдениетке ықыласын айқын танытты.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Қазылар алқасының шешімімен №2 мектеп-лицейінің мұғалімі Ольга Косс үздік деп танылды. Ал №4 орта мектебінің ұстазы Алена Шишкина мен Красный Яр ауылындағы №1 орта мектебінің мұғалімі Наталья Акулич өзара екінші екінші орынды бөлісті. Жүлделі үшінші орын №1 және №5 мектеп-гимназияларының өкілдері Алина Афанасьева мен Татьяна Гундусқа бұйырды. Қатысушылардың бәріне Грамоталар табыс етілді.
ИНТЕРШУМ:
СНХ: ОЛЬГА КОСС, БАЙҚАУДЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ: Мен Қазақстанда дүниеге келдім. Туған жерім Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы, Дәуіт ауылы. Өзім орыс тілі пәнінен сабақ беремін. Қазақ жерінде туғандықтан қазақ тілін білу керек деп ойлаймын. Күні кеше қаламыздың 16-шы мектебінде өткен Қазақша Куиз атты интелектуалды сайыстан бірінші орын алдым. Бұндай сайыстарға алдағы уақытта да қатысамын. Қазақ тілін, жерін сүйемін.
РКС: Этнос өкілдерінің мемлекеттік тілге құрметпен қарап, оны үйренуге ұмтылуы – қоғамдағы келісім мен өзара сыйластықтың жарқын белгісі. Осындай шаралар ұлттар мен ұлыстар арасындағы бірлікті нығайтып, ұлттық мұраны дәріптеуге жол ашары сөзсіз.
ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ