ДИКТОР: Бүгін Көкшетауда облыстық төтенше жағдайлар департаменті кезекті өрт-тактикалық оқу-жаттығу жиынын өткізді. Шараға өрт сөндіру бөлімдері жеке құрамының 30-дан астам қызметкері қатыстырылды. Тілшіміз Евгений Варанкин баяндайды.

РКС: Оқу-жаттығуға арнайы 9 техника жұмылдырылды. Құтқарушылар өртті сөндіру, дәмхана қызметкерлерін эвакуациялау және зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету бойынша іс-қимылдарды жан-жақты пысықтады. Сценарий бойынша олар ғимараттың бірінші қабатына өрт сөндіру құралдарын жеткізіп, дәмхананың әкімшілігімен бірлесіп ғимараттың ішіндегі қызметкерлерді эвакуациялау бойынша шұғыл шара қабылдады.

ИНТЕРШУМ:

СНХ: ЕРСАЙЫН ҚОЙШЫБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ: Бүгінгі оқу-жаттығу жиынына облыстық төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары, сондай-ақ жедел медициналық жәрдем қызметінің мамандары мен полиция қызметкерлері жұмылдырылды. Шартты өрт асхана бөлімінде шыққан. Бір адам құтқарылып, қалған қызметкерлер өздігінен эвакуацияланды. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері өздеріне жүктелген барлық тапсырманы толық орындап шықты.

РКС: Шартты өрттің жалпы аумағы 6 мың шаршы метр болатын ғимараттың 70 шаршы метрден астам бөлігін шарпыды. Құтқарушылардың айтуынша мұндай өрттер көбінесе тозығы жеткен электр сымдарының тұйықталуынан немесе электр құрылғыларын дұрыс қолданбаудан пайда болады. Құтқарушылар тұрғындарды сақ болуға және тұрмыстық электр құралдарын үнемі тексеріп отыруды ескертеді.

СНХ: ЕВГЕНИЙ ЕФРЕМОВ, №1 МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ӨРТ СӨНДІРУ БӨЛІМІНІҢ БӨЛІМШЕ КОМАНДИРІ: Мұндай оқу-жаттығулар жоспарлы түрде өткізіледі. Мақсаты – қалалық бөлімшелердің өзара іс-қимылын жетілдіру, өртті сөндіру кезінде де, қосалқы жұмыстарды орындау барысында да үйлесімді әрекет етуін қамтамасыз ету. Ең бастысы – адамдарды құтқару. Зардап шеккендер анықталған жағдайда оларды қауіпсіз жерге шығарып, кейін өртті толық сөндіруге кірісу қажет.

РКС: Құтқарушылар мұндай кешенді жаттығулар олардың өзара әрекеттесуін жетілдіріп, төтенше жағдай кезінде жедел көмек көрсету қабілетін арттыра түсетінін айтады. Өңірде мұндай оқу-жаттығу жиындары алдағы уақытта да тұрақты өткізіледі.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ