ДИКТОР: Қарашаның басында «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында №10 орта мектебі пайдалануға берілді. Білім ошағы заман талабына сай ескі мектептің орнына салынған. Тілшіміз Евгений Варанкин жалғастырады.
РКС: Қазір мұнда 434 оқушы білім алуда. Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мектептің ішінде де, ауласында да бейнебақылау камералары орнатылды. «Alaqan Mektep» жүйесі енгізілді. Сондай-ақ ескі ғимаратта болмаған футбол, волейбол мен баскетбол алаңдары салынды.
СНХ: ТАТЬЯНА ГИБНЕР, №10 ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Мектебімізде сыныптар аралас. Қазір қазақ және орыс тілдерінде білім беретін сыныптарға қабылдау жүріп жатыр. Жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқытуға барлық жағдай жасалған. Кең асхана, акт залы, спорт залы бар. Барлық кабинеттер заманауи талаптарға сай жабдықталған. Кітапхана мен төрт коворкинг аймағы бар. Биыл мектеп «Жасыл мектеп» экологиялық бағытын таңдады. Ботаникалық бақ пайда болды. Болашақта экологиялық акциялар мен іс-шаралар өткізілмек. Сондай-ақ мектеп аумағында жылыжай орнату жоспарланып отыр.
РКС: 1963 жылы салынған бір қабатты ескі мектеп небәрі жүз оқушыға шақталғандықтан, балалар бірнеше ауысымда оқитын. Қазір оқушылар бір ауысымда білім алып, түстен кейін үйірмелерге қатысады.
СНХ: ҚЫМБАТ ТАСЖАНОВА, №10 ОРТА МЕКТЕБІ ТАРИХ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ: Ғимарат толық техникамен қамтамасыз етілген. Балалар өте қуанышты. Саябақтар салынған. Әр жерде оқушылармен бірге өсірілген гүлдер отырғызылған. Қазіргі таңда алдыңғы аптада 1-4 сыныптар арасында «Эко мода» байқауы өтті. Сол кезде ата-аналармен қосылып, экологиялық бағытқа байланысты көптеген сән үлгілері көрсетілді. Орта буындағы оқушылар үлкен үлестерін қосып жатыр.
РКС: Оқу кабинеттері жаңа жиһазбен, интерактивті тақталармен және қажетті техникалық құралдармен жабдықталған. Облыс әкімдігінің қолдауымен мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған инклюзия кабинеті ашылды. Білім ордасы үш бөлікке бөлінген. Мұнда кең асхана, спорт залы және екі кітапхана бар. Коворкинг аймақтарында оқушылар кітап оқып, шахмат және дойбы ойнап бос уақытын тиімді өткізе алады.
СНХ: НӘЗГҮЛ ОРЫНБАЕВА, №10 ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ОҚУШЫСЫ: Жаңа мектеп маған ұнайды, себебі түрлі пәндер бойынша қабілетімізді дамытуға, мәдениет, спорт, өнер салаларында өзімізді сынауға мүмкіндік көбейді. Осы арқылы біз өз білімімізге деген сенімділікті арттырдық.
СНХ: ЖАНЕЛЬ РАМАЗАН, №10 ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ОҚУШЫСЫ: Мен осы мектепте екінші тоқсаннан бастап оқимын. Мектеп жаңа, ұстаздар өте жақсы, мейірімді. Мектеп техникалы жабдықталған. Үйірмелер өте көп. Мен биге қатысамын.
РКС: Заманауи үш қабатты ғимарат тек архитектурасымен ғана емес, ішкі жабдықталуымен де ерекшеленеді.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ