ДИКТОР: Aqmola Hub алаңында стартаптар сайысы өтті. Өңірдің мектеп оқушылары логиканы, оқу белсенділігін дамытуға және ашық қарым-қатынас орнатуға арналған жобалары мен қосымшаларын таныстырды. Барлық идея қолжетімділік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталды.

РКС: Pizza Pitch шарасының ең жас қатысушылары Назар Хасенов пен Дмитрий Вадницкий. 10 мен 11 жастағы балғындар жасанды интеллект аватарларын қолданатын ерекше LogicPro жобасын таныстырды. Бұл ойын қарым-қатынас пен сауда дағдыларын, жылдам есептеу қабілетін дамытады. Қатысушылар логикалық әр тапсырманың шешімін тауып қана қоймай, дұрыс жауапқа қалай келуге болатынын да түсінеді.

СНХ: ӘСЕТ РЫСПАМБЕТОВ, ЖОБА ЖЕТЕКШІСІ: Бұл ойын балалардың логикалық ойлау қабілетін дамытады. Оның ішіндегі тапсырмаларда балалардың қызығушылығын арттыру үшін әріптердің орнына итальяндық мемдер қолданылады. Сондай-ақ Silk Road атты сауда ойыны бар, онда барлық ойыншылар бір-бірімен сауда жасап, табыс таба алады. Болашақта Freedom Bank-пен әріптестік орнатып, әрбір миллиард айналымы үшін әр ойыншыға 100 теңгеден беруді жоспарлап отырмыз.

РКС: Шараға Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы да қатысты. 16 жастағы Юсуф Мұхамбетқалиев бронхиалды демікпесі бар адамдарға арналған құрылғы ойлап тапқан. Механизм тыныс алу ұстамасының жақындағанын алдын ала ескертеді. Жақында оқушы жобасын Қазақстан бойынша таныстыруды жоспарлап отыр.

СНХ: ЮСУФ МҰХАМБЕТҚАЛИЕВ, НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ ОҚУШЫСЫ: Бұл жобаны мен өзімді мазалаған дертке байланысты жасадым, себебі үш жасымнан бері астмамен ауырамын. Осыны жақсы білетіндіктен, әлемде мұндай құрылғылардың жоқ екенін түсіндім. Ингалятор сияқты құралдар профилактика үшін қолданылады, бірақ егер ұстама болатынын алдын ала білуге мүмкіндік болса, бұлардың қажеттілігі азаяр еді. Сол себептен мен көрсеткіштерді үнемі бақылап, қауіп туындағанда адамды ескертіп отыратын құрылғы жасауды шештім.

РКС: Aqmola Hub алаңында қатысушылар кәсіпкерлермен, маркетологтармен, IT-мамандармен еркін сөйлесті. Білім көкжиегін тегін кеңейте алады. Сондай-ақ еркін ортада пікірмен алмасты. Қазылар алқасының 4 мүшесі қатысушылардың жобаларын бағалады. Әр стартаперге 5 минут уақыт берілді.

СНХ: БОТА ҚАЛИЕВА, ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕСІ: Менің ойымша, бұл – көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын дамытып қана қоймай, жаңа идеялар ұсынуға үлкен мүмкіндік. Бүгінгі жобаның барлығы әлеуметтендіруге бағытталған. Жетекшілер мен ата-аналардың еңбегі зор бұл жерде. Балаларға сәттілік тілеймін, бұл олардың алғашқы да, соңғы да таныстырылымы емес. Ертең дәл осы жастар Жердің жаһандық мәселелерін шешетін тұлғаларға айналады деп сенемін.

РКС: Шара қорытындысы бойынша Нұрай Нұралы NanoLight жобасымен бірінші орынды иеленді. EduBrain.AI идеясымен Анель Бейсенова және Аққу Елубай һзара екінші орынды бөлісті. IdeaSpace жобасымен Гилани Курскиев пен Жаслан Назаров үшінші орынға ие болды.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ