ДИКТОР: Бурабай курортының зообағына Қазақстанның Қызыл кітабына енген аққулар жеткізілді. Сирек кездесетін құстардың бірін Зеренді ауданының тұрғыны Қызылсая ауылының маңынан тапқан. Сирек кездесетін құстың ұзақ қашықтыққа ұша алмайтыны белгілі болды. Екіншісін Ақмолалық құтқарушылар Көкшетау маңындағы кәсіпорындардың бірінің аумағынан тауып алды. Қазір екеуі де арнайы мамандардың бақылауында.

РКС: Аққудың бірінің жағдайы қанағаттанарлық. Ауыр жарақаты жоқ, бірақ ұзақ ұшуға әлсіз. Зообаққа жеткізілген соң оны ветеринарлар мұқият тексерді.

СНХ: ЕЛДАР ФАЙЗУЛЛИН, «БУРАБАЙ ДАМУ» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ВЕТЕРИНАРЛЫҚ ДӘРІГЕРІ: Меніңше ол жылы жаққа ұшып кете алмаған сияқты. Қанаты қатаймаған. Аққуға дәрі-дәрмек берілді. Құсты балықты үккіштен өткізіп беріп жатырмыз. Қазір жағдайы біршама жақсарып қалды.

РКС: Араға екі күн асалып тағы бір аққу құтқарылды. Ол Көкшетауға жақын жерден табылды. Ақмола облысының құтқарушылары оны бірден Бурабай зообағына жеткізді. Қазір зообақта шамамен аң мен құстың 30-ға жуық түрі мекендеп жатыр. Маусымаралық кезеңде, бұл жерге әсіресе көмекке мұқтаж жабайы құстар жиі жеткізіледі. «Бурабай даму» серіктестігінің мамандары олар толық сауығып кеткенше күтім жасайды. Құстар қысты жылы әрі қауіпсіз жерде өткізеді. Ал көктемде олар өздерінің табиғи мекеніне оралады.

ТОМИРИС ИДРИСОВА, ЗАРИНА САПАРҒАЛИЕВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ