ДИКТОР: Көкшетауда студенттердің тұрмыстық жағдайын бақылау жұмыстары жалғасуда. «AMANAT» партиясы жанындағы жастарды қолдау кеңесінің мүшелері қаладағы жатақханаларды аралап, бөлмелердің жағдайын, санитарлық талаптардың сақталуын және тұрмыстық инфрақұрылымды көріп қайтты. Сонымен қатар студенттердің өз пікіріне де көңіл бөлінді.

РКС: Үш жылдан бері Көкшетау жоғары қазақ гуманитарлық-техникалық колледжі бұл ғимаратты жатақхана ретінде жалға алып келеді. Қазір мұнда сырттан келген 39 студент бар. Әр қабатта шағын ас бөлмесі, қыздар мен жігіттерге арналған тұрғын бөлмелер, спортзал бар. Былтыр колледж басшылығы өз қаражаты есебінен студенттер үшін заманауи тренажер залын жабдықтап берді. Тексеру барысында кеңес өкілдері бірқатар бөлмені жаңарту, тұрмыстық жағдайды жақсарту қажет екенін айтты.

СНХ: ГҮЛНАР БЕГАЛИНА, КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Балаларға барлық жағдайлар жасалған. Әр этаждың өзінің асханасы бар әжетханасы бар. Студенттердің стипендиясы 41869 жатақхананың Ақшалары жиырма сегіз мың өйткені біз осы Өйткені осы ғимаратты біз жалға аламыз, жалға алған соң бізде осындай 28 мың жиырма сегіз мың төлемақыны қойдық.

РКС: Одан соң кеңес мүшелері Жанайдар Мусин атындағы Көкшетау жоғары педагогикалық колледжінің бірінші жатақханасында болды. Ғимарат бейнебақылау камераларымен, фортепианоға арналған жаттығу бөлмелерімен және демалыс орындарымен жабдықталған.

СНХ: АРАЙЛЫМ РАХЫМ, Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Биылғы жылғы қазіргі уақытта осы нақты бірінші студенттер үйінде студенттердің барлығы 267. Бізде ер бала, қалғаны қыздар, ер балалар өзі бір қабатта, төртінші қабатта тұрады, қалған.. Қыз балалар тұрады, Студенттер үйінде медбике, медициналық қызмет көрсету орталығы бар. Жан сыры психологиялық қолдау орталығы бар орталықтандырылған жуыну бөлмесі.

СНХ: ҰЛАН ҚАБДОЛЛА, Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ: Жатақханада яғни екінші жыл болып тұрып келемін. Жалпы маған бұл жатақхана ұнайды. Менің бөлмемде үш бала болып тұрады. Ол менің. Үш бала болып тұрады, ол менің адам жарым және достарым, олармен бірге екі жыл бірге тұрамыз. +++ Бізде тәрбиешілер жақсы түсініп, түсініспен қарайды, бізге және де сабақтан келгеннен кейін біз жалпы үй жұмыстарын істеп, тезірек сосын демалып береміз ол уже.

РКС: Студенттердің тұрмыс жағдайына кеңес мүшелері алты жылдан бері мониторинг жүргізіп келеді. Әр тексеріс сайын ұсыныстар жасалып, облыстық білім басқармасына, сондай-ақ жоғары оқу орындары мен колледждердің басшылығына жолданады.

СНХ: СҰЛТАНБЕК БЕКІШЕВ, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ДЕПУТАТЫ: Жөндеу жұмыстары жүргізілген кезде тұрмыстық бөлмелердің жағдайын жақсарту ұсынылады. Сонымен қатар, бір орыннан өрт сөндіргіштің мерзімі өтіп кеткені анықталды, оны жаңасына ауыстыру қажет.

РКС: Мониторинг қорытындысы бойынша есеп пен ұсыныстар дайындалып, олар «AMANAT» партиясы жанындағы жастарды қолдау кеңесінде қаралады. Бұл бағыттағы жұмыстар бір ай көлемінде жандандырылады.

БАҚТИЯР ҚҰЛЕТ, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.